Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики определения стоимости грантов для негосударственных средств массовой информации

Бұйрық · № 610-НҚ · қабылданған 25.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-204933/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Методики определения стоимости грантов для негосударственных средств массовой информации Қолданыста Бұйрық ·№ 610-НҚ ·25.12.2024
25.12.2024 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики определения стоимости грантов для негосударственных средств массовой информации

Қолданыста Бұйрық ·№ 610-НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики определения стоимости грантов для негосударственных средств массовой информации
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
610-НҚ
Қабылданған күні
25.12.2024
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2025
Көрсетілген редакция
25.12.2024 204933_741495.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035535
ЭКБ идентификаторы
204933
Редакция идентификаторы
204933_741495
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 07:19

0 Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

2

2. «Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 209 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23084 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

0 Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 610-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына арналған гранттар құнын айқындайды.

2 2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) ақпараттық-талдамалық бағдарлама – белгілі бір уақыт аралығында көрермендер аудиториясының қызығушылығын тудыратын оқиғалардың жинақтап қортылған, жүйеленген ақпарат пен оның талдауы ұсынылатын теле немесе радиобағдарламаның форматы. Аталған бағдарлама әртүрлі көзқарастағы оқиғаларды терең талдауды, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауды және ықтимал салдарды болжауды қамтиды. Ақпараттық-сараптамалық хабарлар саясат, экономика, мәдениет сияқты және басқа да салалардағы әртүрлі тақырыптарды жария ететін айдарлар бойынша құрылымдалған;

2 2) ақпараттық сипаттағы жаңалықтар – елде және шетелде болған оқиғалар туралы маңызды жане өзекті ақпаратты камтитын радиобағдарламалар форматы. Олар тындаушының күнделікті өмірін қызықтырады және әлеуметтік манызды окиғаларды,сол сияқты ресми хабарламаларды қамтуы мүмкін;

3 3) анимация - графикалық әдістерді және бейнелеу өнері тәсілдерін, сондай-ақ іс-қимылдар мен көріністер жандандыра отырып компьютерлік графика мүмкіндіктерін пайдалану;

4 4) аудиоролик – радиоарнада шығарылатын, хронометражы 10-нан 60 секундқа дейінгі ақпараттық, әлеуметтік мазмұндағы (әлеуметтік жарнама) қысқа мерзімді ақпараттық хабарламалар;

5 5) бейнеролик – телевидениеге шығарылатын, хронометражы 10-нан 60 секундқа дейін созылатын ақпараттық, әлеуметтік мазмұны (әлеуметтік жарнама) бар кадрлардың қысқа мерзімді көркемдік тізбегі;

6 6) бір маусымдық сериалдар – сериялар саны шектеулі аяқталған оқиға (сюжеттік желі) форматындағы әртүрлі жанрлар және бір маусымда аяқталған шығарма;

7 7) вайн - ойын-сауық, танымдық немесе жарнамалық мағынаға ие қысқа бейнеролик;

8 8) веб-сериал — интернет желісі арқылы трансляциялау мақсатында шығарылатын сериалдың типі;

9 9) инстаграм сериал – уақыты 60 секундқа дейін шектелген белгілі бір сюжеті бар бейне суреттеме. Цикл 8-12 серия;

10 10) инфографика – деректерді визуалды интерпретациялау (ақпараттық дизайн);

11 11) көп маусымдық сериалдар – бірнеше жылға созылуы мүмкін және көптеген маусымнан тұратын жалғасып жатқан оқиғаны (сюжеттік желіні) білдіреді;

12 12) мотиваторлар - графикалық, ақпараттық бейнелер, PNG, jpeg форматындағы, логикалық тұрғыдан ашық кескіндер түрінде, мұнда көрерменнің әртүрлі әрекеттерге мотивациясын оқуға, оларды эмоциялардың әртүрлі түрлеріне ынталандыруға және әрекетке және жетістіктерге шақыруға болады;

13 13) музыкалық радиобағдарлама – музыкалық шығармалар, музыкалық шоулар, музыканттармен сұхбаттар, сондай-ақ музыка саласындағы оқиғалар туралы ақпараттар жиынтығын білдіретін радио хабарларын тарату бағдарламасы;

14 14) ойын-сауық (әзіл-оспақ) радиобағдарлама – аудиторияны ойын-сауықпен және оның демалуын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама;

15 15) подкаст - жүргізуші мен қонақтардың қатысуымен әртүрлі тақырыптық материалдардың сериясы (эпизодтар), оның шеңберінде әртүрлі тақырыптар талқыланып, Интернет желісінде жарияланады;

16 16) реалити-шоу – сюжеті адамдар тобының (немесе топтарының) өмірге жақын жағдайдағы іс-әрекеттерін көрсету болып табылатын ойын-сауық бағдарламасы;

17 17) сериал – бір оқиғаны, хронометражы 20-дан 60 минутқа дейін бірнеше сериялар және (немесе) бірнеше маусым бойына дамитын сюжет желісін құрайтын эпизоттар серияларын білдіретін телевизиялық форматтағы көркем және/немесе деректі туынды;

18 18) сторис – әлеуметтік желілерде фотосуреттер мен 15 секундтық бейнелерді салу функциясы;

19 19) телеойын – сюжетінің негізгі элементі қойылған мақсат (сыйақы) үшін жарысу немесе ойнау болып табылатын әртүрлі телехабарлар (телевизиялық шоу);

20 20) ток-шоу – оның барысында жүргізушілер/спикерлер, қонақтар мен телекөрермендер/радио тыңдаушылар арасында берілген тақырыпта еркін пікір алмасуға болатын теле-, радиобағдарлама;

21 21) гиф (gif) суреттер – 256 түстен аспайтын форматта сапасын жоғалтпай сығымдалған деректерді сақтауға қабілетті графикалық бейне форматы;

3

3. Бюджет есебінен гранттарды іске асыру шеңберінде (бұдан әрі – Қызмет) ақпараттық материалдарды дайындау (даярлау және құру) және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру құны осы Әдістемеге қосымшадағы мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған гранттардың базалық бағаларына сәйкес айқындалады.

2 2-тарау. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар құнын айқындау

4 4. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және жасау) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызмет құны мынадай формула бойынша айқындалады:

1 1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, мұндағы:

Pn (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалды газеттерде орналастыру құны;
Bn – газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық бағасы;
V – см2 есептелетін, газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;

2 2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, мұндағы:

Pm (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды журналдарда орналастыру құны;
Bm – журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық бағасы;
V – см2 есептелетін, журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.

5 5. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және жасау) және оларды интернет-басылымда орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызмет құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, мұндағы:

Pi (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды интернет-басылымда орналастыру құны;
Bi – интернет-басылымда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір символы үшін базалық баға;
V – символмен есептелетін, интернет-басылымда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-басылымға кіруінің орташа айлық санын есептеу үшін түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден астам – 1,4.

6 6. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және жасау) және оларды телевидениеде орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызмет құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, мұндағы:

Ptv (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды телевидениеде орналастыру құны;
Btv – телевидениеде орналастырылатын ақпараттық материалдың бір секунды, минуты, сериясы үшін базалық баға;
V – секундпен, минутпен, сериялармен есептелетін телевидениеде орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі.

7 7. Ақпараттық бағдарламаларды және аудиороликтерді әзірлеу (дайындау және жасау) және оларды радиода орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызмет құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, мұндағы:

Pr (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық бағдарламаларды радиоарнаның эфирінде орналастыру құны;
Br – радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның бір минуты, радиоарнада аудиороликтің бір секунды үшін базалық баға;
V – минутпен есептелетін, радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның көлемі.

8 8. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және жасау) және оларды интернет-басылымның әлеуметтік желілерде орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызмет құны Pq=Bq x V формуласы бойынша айқындалады, мұндағы:

Pq (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды интернет-басылымның әлеуметтік желілерінде орналастыру құны;
Bq – интернет-басылымның әлеуметтік желілерінде орналастырылатын ақпараттық материалдың бір бірлігі, көрсетілетін қызметі және посты үшін базалық баға;
V – интернет-басылымның әлеуметтік желілерінде орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі.

1 Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған гранттардың базалық бағалары

Мемлекеттік емес бұқаралық
ақпарат құралдары үшін гранттар
құнын айқындау әдістемесіне
қосымша
Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған гранттардың базалық бағалары

Көрсетілетін қызметтердің атауы
Өлшем бірлігі
Базалық бағасы,
теңге
ҚҚС есебімен
1
2
3
4
Газеттер үшін базалық бағалар
1.
Мақала/сұхбат, талдау, лонгрид, арнайы репортаж, фоторепортаж, журналистік зерттеу, очерк, сарапшылардың түсініктемелері (Bn)
см2
935
2.
Инфографика/коллаж (Bn)
см2
848
3.
Ақпараттық сипаттағы жаңалықтар (Bn)
см2
800
Журналдар үшін базалық бағалар
4.
Ақпараттық (репортаж, сұхбат) (Bm)
см2
410
5.
Талдамалық (әңгімелесу, мақала, корреспонденция, рецензия, шолу) (Bm)
см2
414
6.
Көркем-публицистикалық (эссе, очерк, фельетон, памфлет) (Bm)
см2
431
7.
Инфографика, коллаж, фото (Bm)
см2
414
8.
Бағдарламаның логотиптері бар арнайы айдарлар (Bm)
см2
419
Интернет-басылымдар үшін базалық бағалар
9.
Жаңалық хабарламасы (Bi)
таңба
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 52 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 38
10.
Шолу мақаласы (Bi)
таңба
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 54 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 38
11.
Сұхбат (Bi)
таңба
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 56 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 38
12.
Талдамалық материал (Bi)
таңба
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 56 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 38
13.
Лонгрид (Bi)
таңба
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 56 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 38
14.
Журналистік зерттеу (Bi)
таңба
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 68 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 38
15.
Инфографика (Bi)
бірлік
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 35 000
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 34 000
16.
Мотиваторлар (Bi)
бірлік
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 15 700
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 19 300
17.
Фото (Bi)
бірлік
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 5 000
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 6 700
18.
Гиф (Gif) суреттер (Bi)
бірлік
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 26 300 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 34 350
19.
Бейнеөнім (кемінде 1 минут) (Bi)
бірлік
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 303 750
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 132 500
Телевидение және радио үшін базалық бағалар
Телевизиялық арналарға арналған ақпараттық материалдар
20.
Реалити-шоу (Btv)
минут
86 362 (оның ішінде орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтер)
21.
Телеойын (Btv)
минут
46 600 (оның ішінде орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтер)
22.
Ток-шоу (Btv)
минут
50 666 (оның ішінде орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтер)
23.
Ақпараттық-талдамалық бағдарлама (Btv)
минут
65 073 (оның ішінде орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтер)
24.
Деректі фильмдер (Btv)
минут
228 946 (оның ішінде орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтер)
25.
Сурдоаударма бойынша көрсетілетін қызметтер (Btv)
минут
13 750 (оның ішінде орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтер)
Сериалдар (бір маусымдық, көп маусымдық) (Btv)
26.
Ситком (Btv)
серия
7 237 273
27.
Мелодрама (Btv)
серия
8 462 500
28.
Баиопик (Btv)
серия
9 960 000
29.
Фантастика (Btv)
серия
11 183 334
30.
Экшн (Btv)
серия
10 673 334
31.
Тарихи (Btv)
серия
13 727 778
Бейнероликтер
32.
Түсірілімсіз ақпараттық (Btv)
секунд
37 446
33.
Деректі түсіріліммен ақпараттық (Btv)
секунд
40 975
34.
Мұрағат (Btv)
секунд
28 267
35.
Титрлі (Btv)
18 400
Анимация
36.
Анимациялық 2D (Btv)
секунд
26 667
37.
Анимациялық 3D (Btv)
секунд
17 584
38.
Қуыршақ, пластилин анимациясы (Btv)
секунд
20 000
39.
Классикалық анимация (Btv)
секунд
12 500
40.
Ойын бейнеролик (Btv)
секунд
34 167
Радио үшін материалдар
41.
Музыкалық радиобағдарлама (Br)
секунд
1 499
42.
Ойын-сауық (әзіл-оспақ) радиобағдарлама (Br)
секунд
2 100
43.
Аудиоролик (Br)
секунд
1 594
44.
Ақпараттық сипаттағы жаңалықтар (Br)
секунд
1 903
Интернет-басылымның әлеуметтік желілері үшін базалық бағалар
45.
Бейнероликтер (Bq)
бірлік (30 секундтан бастап)
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 303 750
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 36 600
47.
Бейне подкаст (Bq)
бірлік (шығарылымы 20 минуттан 60 минутқа дейін)
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 2 987 500 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 350 000
48.
Аудио подкаст (Bq)
бірлік (1 минуты)
Әзірлеу және орналастыру үшін бір бірліктің бағасы 352 500
49.
Вайн (Bq)
бірлік
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 3 200 000 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 74 400
50.
Веб-сериал (Bq)
серия
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 14 100 000
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 310 000
51.
Деректі фильм (Bq)
бірлік (20-дан 60 минутқа дейін)
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 5 555 000
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 310 000
52.
Әлеуметтік желілердегі сторис (Bq)
бірлік
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 10 000
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 32 000
53.
Инстаграм сериал (Bq)
цикл
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 5 485 000
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 36 600
54.
Инфографика (Bq)
бірлік
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 32 500
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 29 000
55.
Мотиваторлар (Bq)
бірлік
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 10 500
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 29 000
56.
Гиф (Gif) суреттер (Bq)
бірлік
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 23 000 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 36 600
57.
TikTok-тағы бейне (Bq)
бірлік
30 секундқа дейін
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 25 000
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 74 400
58.
Әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі танымал пайдаланушылардың парақшаларындағы постар (блогерлер) (Bq)
пост
Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 200 000
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 295 000
Ескерту:
ҚҚС – қосылған құн салығы.

Қолданыстағы