Құжат мәтініне өту

Об образовании двух районов в городе Тараз и установлении границ районов

Қаулы · № 3321 · қабылданған 20.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-204964/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об образовании двух районов в городе Тараз и установлении границ районов Қолданыста Қаулы ·№ 3321 ·20.12.2024
20.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об образовании двух районов в городе Тараз и установлении границ районов

Қолданыста Қаулы ·№ 3321 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об образовании двух районов в городе Тараз и установлении границ районов
Атауы (қаз.)
Тараз қаласында екі ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3321
Қабылданған күні
20.12.2024
Көрсетілген редакция
20.12.2024 204964_737888.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24GA525308
ЭКБ идентификаторы
204964
Редакция идентификаторы
204964_737888
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 07:39

0 Тараз қаласында екі ауданды құру және

аудандардың шекараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 3) тармақшасына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Тараз қаласында екі аудан құрылсын.

2 2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Тараз қаласының екі аудандарының шекаралары белгіленсін.

3 3. Осы бірлескен Тараз қаласы әкімдігінің қаулысы және Тараз қалалық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 Тараз қаласындағы екі ауданының шекаралары

Тараз қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 3321 мен
Тараз қалалық мәслихатының
2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 24-2
бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша
Тараз қаласындағы екі ауданының шекаралары
№ 1 аудан Тараз қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік бөлігі Жамбыл және солтүстік-шығыс бөлігінің Жамбыл облысының Байзақ аудандарымен шектеседі. Ауданның оңтүстік бөлігі № 2 ауданымен шектеседі.
Тараз қаласы кеңейтілгеннен кейін 1 әкімшілік аймақтың бөліну жоспарына сәйкес Тараз қаласына кірме жол Айша бибі айналма жолы және «Құмшағал» шағынауданы бұрылысынан бастап тікелей солтүстік-шығыс бағытта Тәуке хан көшесімен Айша бибі көшесі қиылысына дейін 7,408 шақырым құрайды. Айша бибі – Тәуке хан көшесі қиылысынан бастап оңтүстік-шығыс бағытта Фресно 9-тұйық көшесіне дейін 2,200 шақырым құрайды. Айша бибі – Фресно 9-тұйық көшесінің қиылысынан бастап Сәкен Сейфуллин көшесіне дейін 0,560 шақырым құрайды. Фресно 9-тұйық көшесі – Сәкен Сейфуллин көшесінің қиылысынан бастап Сәкен Сейфуллин көшесімен солтүстік-шығыс бағытта Дінмұхамед Қонаев көшесіне дейін 3,167 шақырым құрайды. Дінмұхамед Қонаев көшесімен солтүстік-шығыс бағытта Әлімхан Комратов көшесі бұрылысына дейін 0,415 шақырым құрайды. Дінмұхамед Қонаев және Әлімхан Комратов көшесі қиылысынан бастап оңтүстік-шығыс бағытта Байзақ батыр көшесіне дейін 2,608 шақырым құрайды. Әлімхан Комратов және Байзақ батыр көшесі қиылысынан бастап оңтүстік-шығыс бағытта Привокзальный көшесіне дейін 0,090 шақырым құрайды. Байзақ батыр - Привокзальный көшесі қиылысынан бастап Балуан Шолақ көшесіне дейін 0,560 шақырым құрайды. Привокзальный және Балуан Шолақ көшелерінің қиылысынан бастап солтүстік-шығыс бағытта Талас өзеніне дейін 4,243 шақырым құрайды. Талас өзені бойымен солтүстік-шығыс бағытта Қостөбе ауылының шекарасына дейін 8,957 шақырым құрайды. Қостөбе ауылының оңтүстік-шығыс шекарасынан бастап шаруашылық субъектілердің егістік жиегімен, далалық жолдар, арықтар бойымен Бұрыл ауылға дейін және Тараз қаласының ескі шекарасына дейін 10,340 шақырым құрайды. Бұрыл ауылынан бастап солтүстік-батыс бағытта «Родничок» алабына дейін Тараз қаласының ескі шекарасы өзгертілмей 3,012 шақырым құрайды. «Родничок» алабы шекарасынан бастап солтүстік-батыс бағытта шаруашылық субъектілердің егістік жиегімен далалық жолдар, арықтар шетімен Қапал – Бесжылдық ауылдарының бұрылыс жолдарына дейін 7,424 шақырым құрайды. Қапал – Бесжылдық ауылдары бұрылысынан бастап солтүстік-батыс бағытта Қаратау – Жанатас теміржолдың сол жағымен 2,252 шақырым құрайды. Қаратау – Жанатас теміржолдан бастап оңтүстік-шығыс бағытта Шайқорық ауылына дейін 2,92 шақырым құрайды. Шайқорық ауылынан бастап Аса ауылына баратын автожол қиылысына дейін оңтүстік-батыс бағытта 2,154 шақырым құрайды. Аса ауылына баратын автожол Шайқорық ауылы қиылысынан бастап Тараз қаласының бұрынғы шекарасымен «Тараз металлургия зауыты» жауапкершілік шектеулі серіктестігіне дейін солтүстік-батыс бағытта 7,245 шақырым құрайды. Тараз қаласының бұрынғы шекарасымен «Тараз металлургия зауыты» жауапкершілік шектеулі серіктестігінен бастап онтүстік-шығыс бағытта шаруашылық субъектілердің егістік жиегімен далалық жолдар, арықтар шетімен Қызылшарық ауылының солтүстік шекарасына дейін 10,508 шақырым құрайды. Қызылшарық ауылының солтүстік шекарасынан бастап оңтүстік-батыс бағытта «Новоджамбулец» саяжай алабын қоса, солтүстік бөлігімен Айша бибі – Тараз айналма жолына дейін 4,957 шақырым құрайды.
Жоғарыда көрсетілген шекаралар бойынша Тараз қаласы 1 әкімшілік аймаққа бөлініп, жалпы көлемі анықталды.
1 әкімшілік аймақ көлемі 14 535,9612 гектар құрайды.
№ 2 аудан Тараз қаласының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Батыс-оңтүстік бөлігі мен оңтүстік-шығыс бөлігі Жамбыл облысының Жамбыл ауданымен шектеседі. Солтүстік-шығыс бөлігі Жамбыл облысының Байзақ ауданымен шектеседі. Солтүстік бөлігі № 1 ауданмен шектеседі.
Тараз қаласы кеңейтілгеннен кейін 2 әкімшілік аймақтардың бөліну жоспарына сәйкес Тараз қаласына кірме жол Айша бибі айналма жолы және «Құмшағал» шағынауданы бұрылысынан бастап тікелей солтүстік-шығыс бағытта Тәуке хан көшесімен Айша бибі көшесіне дейін 7,408 шақырым құрайды. Айша бибі – Тәуке хан көшесі қиылысынан бастап оңтүстік-шығыс бағытта Фресно 9-тұйық көшесіне дейін 2,200 шақырым құрайды. Айша бибі – Фресно 9-тұйық көшесінің қиылысынан бастап Сәкен Сейфуллин көшесіне дейін 0,560 шақырым құрайды. Фресно 9-тұйық көшесі – Сәкен Сейфуллин көшесінің қиылысынан бастап Сәкен Сейфуллин көшесімен солтүстік-шығыс бағытта Дінмұхамед Қонаев көшесіне дейін 3,167 шақырым құрайды. Әлімхан Комратов көшесі бұрылысына дейін Дінмұхамед Қонаев көшесімен солтүстік-шығыс бағытта 0,415 шақырым құрайды. Дінмұхамед Қонаев және Әлімхан Комратов көшелерінің қиылысынан бастап оңтүстік-шығыс бағытта Байзақ батыр көшесіне дейін 2,608 шақырым құрайды. Әлімхан Комратов және Байзақ батыр көшесі қиылысынан бастап оңтүстік-шығыс бағытта Привокзальный көшесіне дейін 0,090 шақырым құрайды. Байзақ батыр - Привокзальный көшесі қиылысынан бастап Балуан Шолақ көшесіне дейін 0,560 шақырым құрайды. Привокзальный және Балуан Шолақ көшелерінің қиылысынан бастап солтүстік-шығыс бағытта Талас өзеніне дейін 4,243 шақырым құрайды. Талас өзені бойымен солтүстік-шығыс бағытта Қостөбе ауылының шекарасына дейін 8,957 шақырым құрайды. Талас ауылының солтүстік-шығыс шетімен шаруашылық субъектілердің егістік жиегімен, далалық жолдар, арықтар бойымен Тараз-Алматы автожолына дейін 5,444 шақырым құрайды. Тараз-Алматы автожолымен Тараз қаласы бағытында автожолдың сол жағымен Ақбұлым ауылы бұрылысына дейін 1,490 шақырым құрайды. Ақбұлым ауылының оңтүстік-батыс шетінен Ақбұлым ауылының солтүстік-шығыс бөлігіндегі каналға дейін 2,365 шақырым құрайды. Ақбұлым аулының солтүстік-шығыс бөлігіндегі каналдан Тектұрмас тауы оңтүстік-батыс бағытта Тараз қаласы ескі шекарасына дейін канал бойымен 5,570 шақырым құрайды. Тараз қаласы ескі шекарасы өзгертілмей Тектұрмас тауымен Жалпақтөбе ауылының оңтүстік-шығыс шетіне дейін 9,324 шақырым құрайды. Жалпақтөбе ауылының оңтүстік-шығыс шетінен бастап шаруашылық субъектілердің егістік жиегімен, далалық жолдар, арықтар бойымен Тараз – Үтмек автожолына дейін 4,273 шақырым құрайды. Тараз – Үтмек автожолымен оңтүстік-батыс бағытта Түрксіб ауылының бұрылысына дейін 4,307 шақырым құрайды. Түрксіб ауылының бұрылысынан бастап «Шөлдала» шағынауданның шаруашылық субъектілердің егістік жиегімен, далалық жолдар, арықтар бойымен Тараз қаласының ескі шекарасына дейін 10,279 шақырым құрайды. «Шөлдала» шағынауданы Тараз қаласының ескі шекарасы бойымен оңтүстік-батыс бағытта «Дорожник» саяжай алабына дейін 3,440 шақырым құрайды. «Дорожник» саяжай алабын қоса алғанда солтүстік-батыс бағытта Айша бибі – Тараз автожолы қиылысына дейін 10,345 шақырым құрайды.
Жоғарыда көрсетілген шекаралар бойынша Тараз қаласының 2 әкімшілік аймаққа бөлініп, жалпы көлемі анықталды.
2 әкімшілік аймақ көлемі 17 157,7388 гектар құрайды.

Қолданыстағы