Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, и норм их предельной заполнямости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, порядка их использования, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по району Үлкен Нарын
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, и норм их предельной заполнямости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, порядка их использования, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по району Үлкен Нарын
- Атауы (қаз.)
- Үлкен Нарын ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пайдалану тәртібін, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9/87-VIII
- Қабылданған күні
- 24.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2024 205076_736428.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24VU912116
- ЭКБ идентификаторы
- 205076
- Редакция идентификаторы
- 205076_736428
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:30
0
Үлкен Нарын ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пайдалану тәртібін, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;
осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
осы шешімге 3-қосымшаға сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі;
осы шешімге 4-қосымшаға сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 9/87-VIII шешімге
1-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары
№
р/р
Арнайы орын
Шекті толу нормасы
1
Аудандық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң (Үлкен Нарын ауылы, Шабдан Тумашинов көшесі, 7/2)
50 адамнан артық емес
2
Шерулер мен демонстрациялардың бағыты: Үлкен Нарын ауылы Абылайхан – Шабдан Тумашинов көшелерінің қиылысынан бастап аудандық Мәдениет үйі алдындағы алаңға дейін қозғалу.
4 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 9/87-VIII шешімге
2-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар мен оның қатысушылары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы тиіс.
Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға құқығы бар.
Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 9/87-VIII шешімге
3-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы орындарда өткізіледі.
Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін ауданның жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-дан ерте бастауға және сағат 20.00-дан кеш аяқтауға болмайды.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.
Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.
5 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 9/87-VIII шешімге
4-қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр арақашықтықта: