Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил реализации пилотного проекта по оформлению (внесению) договоров в информационной системе «Электронные счета-фактуры»

Бұйрық · № 885 · қабылданған 27.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-205109/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил реализации пилотного проекта по оформлению (внесению) договоров в информационной системе «Электронные счета-фактуры» Қолданыста Бұйрық ·№ 885 ·27.12.2024
27.12.2024 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил реализации пилотного проекта по оформлению (внесению) договоров в информационной системе «Электронные счета-фактуры»

Қолданыста Бұйрық ·№ 885 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил реализации пилотного проекта по оформлению (внесению) договоров в информационной системе «Электронные счета-фактуры»
Атауы (қаз.)
«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
885
Қабылданған күні
27.12.2024
Көрсетілген редакция
27.12.2024 205109_742478.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035547
ЭКБ идентификаторы
205109
Редакция идентификаторы
205109_742478
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:47

0 «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

0 «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары

Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 885
бұйрықпен бекітілген
«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (бұдан әрі – МСА туралы шарт) шегінде жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету үшін тартылған өнім берушілер және (немесе) қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) МСА туралы шарттың деректерін енгізу жолымен, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарттарды (бұдан әрі – Шарт) ресімдеуді (енгізуді) көздейтін пилоттық жобаны (бұдан әрі – Пилоттық жоба) Қазақстан Республикасының аумағында іске асыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидалардың мақсатында МСА туралы шарттың нысанасы шегінде жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету үшін тартылатын тұлға қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) болып танылады.

Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұғымдарға сәйкес қолданылады.

3 3. Осы Пилоттық жобаға қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады.

2 2-тарау. «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаға қатысушылар

4 4. Мыналар:

1 1) ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркелген салық төлеушілер болып табылатын өнім берушілер;

2 2) ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркелген салық төлеушілер болып табылатын қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар);

3 3) мемлекеттік кірістер органдары Пилоттық жобаның қатысушылары болып табылады.

3 3-тарау. «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шарттарды ресімдеу (енгізу) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру тәртібі

5

5. Шартты жасасу және бұзу кезінде, сондай-ақ Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде өнім беруші немесе қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ЭШФ АЖ-да «Электрондық шарттар» модулінің «Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарт» бөлімінде МСА туралы шарттың мынадай деректерін ресімдейді (енгізеді):

1 1) нөмірі;

2 2) жасалған күні.

«Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарт» бөлімі растау, қарау, редакциялау, бас тарту, Шартқа қол қою функцияларын көздейді.
Бұл ретте ЭШФ АЖ-дағы Шартқа тараптар электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.

6 6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Шарт ЭШФ АЖ-да МСА туралы шартты орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жазып берілетін электрондық шот-фактурада көрсетілген айналым жасалған күннен кешіктірілмей ресімделеді (енгізіледі).

7 7. Қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) МСА туралы шарттың талаптарын орындау үшін үшінші тұлғаларды тартқан кезде осы Қағидалардың 5 және 6-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде ЭШФ АЖ-да Шартты ресімдеу (енгізу) жүзеге асырылады.

8 8. Мемлекеттік кірістер органдары осы Пилоттық жобаның қатысушыларынан сұрау салу алынған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ-ға шарттарды ресімдеу (енгізу) бөлігінде әдістемелік сипаттағы мәселелер бойынша түсіндірмелер береді.

9 9. Осы Пилоттық жобаны жүргізу кезінде дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы