Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом специального права акционерным обществом «Казтелерадио»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом специального права акционерным обществом «Казтелерадио»
- Атауы (қаз.)
- Арнайы құқық субъектісі «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 622-НҚ
- Қабылданған күні
- 25.12.2024
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2024 205126_767530.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24JC000622
- ЭКБ идентификаторы
- 205126
- Редакция идентификаторы
- 205126_767530
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:20
0 Арнайы құқық субъектісі «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Арнайы құқық субъектісі «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрлігі
0 Арнайы құқық субъектісі «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2024 жылғы «__» __________
№ ___ бұйрығына
қосымша
Арнайы құқық субъектісі «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі