Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом специального права акционерным обществом «Казтелерадио»

Бұйрық · № 622-НҚ · қабылданған 25.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-205126/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом специального права акционерным обществом «Казтелерадио» Қолданыста Бұйрық ·№ 622-НҚ ·25.12.2024
25.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом специального права акционерным обществом «Казтелерадио»

Қолданыста Бұйрық ·№ 622-НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом специального права акционерным обществом «Казтелерадио»
Атауы (қаз.)
Арнайы құқық субъектісі «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
622-НҚ
Қабылданған күні
25.12.2024
Қолданысқа енгізілген күні
25.12.2024
Көрсетілген редакция
25.12.2024 205126_767530.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24JC000622
ЭКБ идентификаторы
205126
Редакция идентификаторы
205126_767530
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 07:20

0 Арнайы құқық субъектісі «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Арнайы құқық субъектісі «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрлігі

0 Арнайы құқық субъектісі «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2024 жылғы «__» __________
№ ___ бұйрығына
қосымша
Арнайы құқық субъектісі «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

1 1. Міндетті немесе еркін қолжетімді теле-, радиоарналарға жатпайтын теле-, радиоарналарды, оның ішінде ақылы контентті трансляциялау.

2 2. Телерадиокомпаниялар немесе телерадио хабарларын тарату операторлары болып табылмайтын заңды және жеке тұлғаларға телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін пайдалану құқығын беру.

3 3. Телерадио хабарларын тарату жабдықтарына қызмет көрсету (бөгде ұйымдардың меншігінде).

4 4. Телекоммуникация желілерінде, оның ішінде OTAU TV спутниктік арнасында телегазеттерді тарату.

5 5. Технологиялық жабдықты орнатудың және оны ұлттық телерадио хабарларын тарату желісіне қосудың техникалық шарттарын беру.

6 6. Технологиялық жабдықты орнату және оны ұлттық телерадио хабарларын тарату желісіне қосу үшін жобалау сметалық құжаттаманы әзірлеу.

7 7. Технологиялық жабдықты орнату және оны ұлттық телерадио хабарларын тарату желісіне қосу үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу.

Қолданыстағы