Об установлении охранной зоны компрессорной станции «Туркестан» расположенного вдоль магистрального газопровода «Бейнеу-Бозой-Шымкент» и определения режима использования земель в них
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении охранной зоны компрессорной станции «Туркестан» расположенного вдоль магистрального газопровода «Бейнеу-Бозой-Шымкент» и определения режима использования земель в них
- Атауы (қаз.)
- «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры бойында орналасқан «Түркістан» компрессорлық станциясының күзет аймағын белгілеу және олардағы жерді пайдалану режимін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 277
- Қабылданған күні
- 30.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2024 205328_738514.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24U0664813
- ЭКБ идентификаторы
- 205328
- Редакция идентификаторы
- 205328_738514
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:33
0 «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры бойында орналасқан «Түркістан» компрессорлық станциясының күзет аймағын белгілеу және олардағы жерді пайдалану режимін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 121-бабына, Қазақстан Республикасының «Магистральдық құбыр туралы» Заңының 14-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Түркістан» компрессорлық станциясының күзет аймағы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Түркістан» компрессорлық станциясының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимi осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры бойында орналасқан «Түркістан» компрессорлық станциясының күзет аймағында орналасқан жер уческелерінің экспликациясы
Түркістан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 277 қаулысына 1-қосымша
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры бойында орналасқан «Түркістан» компрессорлық станциясының күзет аймағында орналасқан жер уческелерінің экспликациясы
№
Жер пайдаланушылар
Кадастрлық номері
Жер көлемі,
га
Күзет аймағы түсетін аумағы,
га
Жер учаскесінің санаты
1
«Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
19331001033
1,6605
0,64
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
2
«Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
19331001035
2,5860
1,17
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
3
«Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
19331001037
0,3652
0,09
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
4
«Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
19331001038
2,0076
0,89
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
5
«Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
19331001039
0,8719
0,26
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
6
«Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
19331001040
1,5716
0,26
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
7
Амангелдіұлы Ерлан
19331001194
125
1,15
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
8
Амангелдіұлы Ерлан
19331001195
12
2,15
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
9
Ауданның арнайы жер қоры құрамына енгiзiлген жерлер
29,13
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
Барлығы:
146,0628
35,74
6 «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры бойында орналасқан «Түркістан» компрессорлық станциясының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі
Түркістан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 277 қаулысына 2-қосымша
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры бойында орналасқан «Түркістан» компрессорлық станциясының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры бойында орналасқан «Түркістан» компрессорлық станциясының күзет аймақтарында:
1 1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;
2 2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
3
3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;