О некоторых вопросах Национальной академии наук Республики Казахстан при Президенте Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Национальной академии наук Республики Казахстан при Президенте Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1142
- Қабылданған күні
- 30.12.2024
- Қолданысқа енгізілген күні
- 30.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2024 205357_739754.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400001142
- ЭКБ идентификаторы
- 205357
- Редакция идентификаторы
- 205357_739754
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:34
0 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
кейбір мәселелері туралы
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына және 25-бабына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 86-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 24-32-14.279-3 тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымына (бұдан әрі – Академия) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Академияға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3 3. Мыналар Академия қызметінің негізгі түрлері болып айқындалсын:
1 1) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;
2 2) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске уәкілетті орган ұсынған ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына талдау жүргізу;
3 3) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қарауына ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізу;
4 4) ғылымды дамыту бойынша форсайттық (болжамдық) зерттеулер дайындауды және жүргізуді жүзеге асыру;
5 5) ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу;
6 6) ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;
7 7) ғылыми журналдар шығару;
8 8) халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;
9 9) ғылымды танымал етуге қатысу.
4 4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 123-162-жол алып тасталсын.
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 406-32-1-жол алып тасталсын.
3 3. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесінде:
реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымы».
_________________________