Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления официальных сообщений средствам массовой информации при нарушении условий жизнедеятельности населения на определенной территории

Бұйрық · № 637-НҚ · қабылданған 27.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-205369/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления официальных сообщений средствам массовой информации при нарушении условий жизнедеятельности населения на определенной территории Қолданыста Бұйрық ·№ 637-НҚ ·27.12.2024
27.12.2024 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления официальных сообщений средствам массовой информации при нарушении условий жизнедеятельности населения на определенной территории

Қолданыста Бұйрық ·№ 637-НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления официальных сообщений средствам массовой информации при нарушении условий жизнедеятельности населения на определенной территории
Атауы (қаз.)
Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлар беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
637-НҚ
Қабылданған күні
27.12.2024
Көрсетілген редакция
27.12.2024 205369_737665.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035574
ЭКБ идентификаторы
205369
Редакция идентификаторы
205369_737665
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:46

0 Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлар беру қағидаларын бекіту туралы

«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлар беру қағидалары бекітілсін.

2

2. «Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 117 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16765 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

0 Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлар беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 637-НҚ
Бұйрыққа қосымша
Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлар беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлар беру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) ресми хабар – «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген ақпарат иеленуші бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беретін және (немесе) тарататын ақпарат;

2 2) халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайларын бұзу – оның факторларының адамға жағымсыз әсер етуі орын алатын тыныс-тіршілік ету жағдайының өзгеруі.

2 2-тарау. Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлар беру тәртібі

3

3. Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары өз құзыреті шеңберінде және (немесе) жергілікті атқарушы органдар оқиға басталған кезден бастап 3 (үш) сағаттан кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарына ағымдағы ахуал туралы ресми хабарлар береді.

4

4. Ресми хабарды қалыптастыруды орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл бойынша уәкілетті тұлға (бөлімше) жүзеге асырады және орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысымен немесе оны алмастыратын адаммен келісіледі.

5 5. Ресми хабар оны ұсыну кезіндегі халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайларын бұзу, оларды жою жөнінде қабылданатын шараларға қатысты барынша толық деректерді қамтиды.

6 6. Халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайларының бұзылу фактілері туралы ресми хабарларды бұқаралық ақпарат құралдарына ұсыну мыналар:

1 1) орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның ресми онлайн-платформасында ресми хабар жариялау;

2 2) бұқаралық ақпарат құралдарының бар электрондық мекенжайына арнайы ресми хабар тарату;

3 3) коммуникациялар және мемлекеттік органдар қызметтерінің алаңдарында брифинг өткізу арқылы жүзеге асырылады.

Қолданыстағы