Құжат мәтініне өту

Об утверждении методики стоимости услуг казахстанских экспертов по проведению государственной научно-технической экспертизы, экспертизы проектов коммерциализации, оценки обоснованности суммы запрашиваемого объема финансирования

Бұйрық · № 604 · қабылданған 30.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-205380/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении методики стоимости услуг казахстанских экспертов по проведению государственной научно-технической экспертизы, экспертизы проектов коммерциализации, оценки обоснованности суммы запрашиваемого объема финансирования Қолданыста Бұйрық ·№ 604 ·30.12.2024
30.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении методики стоимости услуг казахстанских экспертов по проведению государственной научно-технической экспертизы, экспертизы проектов коммерциализации, оценки обоснованности суммы запрашиваемого объема финансирования

Қолданыста Бұйрық ·№ 604 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении методики стоимости услуг казахстанских экспертов по проведению государственной научно-технической экспертизы, экспертизы проектов коммерциализации, оценки обоснованности суммы запрашиваемого объема финансирования
Атауы (қаз.)
Коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сараптама жүргізу, сұралатын қаржыландыру көлемі сомасының негізділігіне бағалау жүргізу бойынша қазақстандық сарапшылар көрсететін қызметтер құнының әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
604
Қабылданған күні
30.12.2024
Көрсетілген редакция
30.12.2024 205380_767539.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035578
ЭКБ идентификаторы
205380
Редакция идентификаторы
205380_767539
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:34

0 Коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сараптама жүргізу, сұралатын қаржыландыру көлемі сомасының негізділігіне бағалау жүргізу бойынша қазақстандық сарапшылар көрсететін қызметтер құнының әдістемесін бекіту туралы

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 41) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы №580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сараптама жүргізу, сұралатын қаржыландыру көлемі сомасының негізділігіне бағалау жүргізу бойынша қазақстандық сарапшылар көрсететін қызметтер құнының әдістемесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

0 Коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сараптама жүргізу, сұралатын қаржыландыру көлемі сомасының негізділігіне бағалау жүргізу бойынша қазақстандық сарапшылар көрсететін қызметтер құнының әдістемесі

Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 604 Бұйрықпен
бекітілген
Коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сараптама жүргізу, сұралатын қаржыландыру көлемі сомасының негізділігіне бағалау жүргізу бойынша қазақстандық сарапшылар көрсететін қызметтер құнының әдістемесі

1

1. Коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сараптама жүргізу, сұралатын қаржыландыру көлемі сомасының негізділігіне бағалау жүргізу бойынша қазақстандық сарапшылар көрсететін қызметтер құнының әдістемесі «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 41) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы №580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2

2. Қазақстандық сарапшылардың (бұдан әрі – Қызмет) сараптама жүргізу құны мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (бұдан әрі – МҒТС) жүргізуге, коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргiзуге, қаржыландырудың сұралатын сомасы көлемінің негізділігін бағалауға кеткен уақытқа байланысты 1, 2 формулалар бойынша айқындалады.

3 3. Көрсетілетін қызмет құны формула бойынша айқындалады:

Ққз = қа-к x Тж.б, (1)
мұндағы қа-к – бір адам-күннің құны, теңге;
Тж.б – қызмет бірлігін көрсетуге жұмсалған уақыт (МҒТС және МҒТС бір объектісін қаржыландырудың сұратылған көлемі сомасының негізділігін бағалау және ҒҒТҚН-ны коммерцияландыру жобасының сараптамасы), күнтізбелік күн.
Тж.б көрсеткіші Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашада № 517 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35344 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары негізінде белгіленген, ол күнтізбелік 7 күннен аспайды.
Ка-к - көрсеткіші Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлерінің, мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесі туралы» Қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) белгіленген мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын есептеуге арналған коэффициенті және Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен жұмыс уақыты балансы көрсеткішіне, негізгі лауазымдық жалақыға (бұдан әрі – НЛЖ) негізделіп мына формула бойынша есептеледі:
Ка-к = БЛА х Как/Б ж.у. (2)
мұндағы БЛА – қаулымен белгіленген базалық лауазымдық айлықақы, теңге;
Ка-к – кем дегенде 5,09 жұмыс өтілі бар бас менеджерлер үшін Қаулымен бекітілген коэффициентке сәйкес есептелетін бір адам-күннің құнын есептеу коэффициенті (В функционалдық блогы, В1 звеносы, 2-қосымшаның 2-қадамы).
Б ж.у. – көрсеткіші 20,67 болып белгіленген жұмыс уақытының балансы.
Жалпы, Ка-к көрсеткіші 4 358 теңгені құрайды және қолданыстағы осы әдістеме мерзімінде өзгертілмейді.

Қолданыстағы