Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и улиц для участия в сходе местного сообщества на территории Баянаульского сельского округа Баянаульского района Павлодарской области

Ереже · № 238/27 · қабылданған 26.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-205517/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и улиц для участия в сходе местного сообщества на территории Баянаульского сельского округа Баянаульского района Павлодарской области Қолданыста Ереже ·№ 238/27 ·26.12.2024
26.12.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и улиц для участия в сходе местного сообщества на территории Баянаульского сельского округа Баянаульского района Павлодарской области

Қолданыста Ереже ·№ 238/27 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и улиц для участия в сходе местного сообщества на территории Баянаульского сельского округа Баянаульского района Павлодарской области
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баянауыл ауылдық округі аумағындажергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын жәнежергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
238/27
Қабылданған күні
26.12.2024
Көрсетілген редакция
26.12.2024 205517_738899.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24PE23827M
ЭКБ идентификаторы
205517
Редакция идентификаторы
205517_738899
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 07:04

0 Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баянауыл ауылдық округі аумағындажергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын жәнежергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баянауыл ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Баянауыл ауданыБаянауыл ауылдық округініңжергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының заңдылық, азаматтардың өтініш-шағымдарын қабылдау және аграрлық мәселелер мен экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баянауыл ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

Баянауыл аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
«26» желтоқсандағы
№ 238/27 шешіміне
1-қосымша
Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баянауыл ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баянауыл ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді және Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі аумағындағы ауыл және көше тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, көше (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Баянауыл ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл немесе көшеден саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Баянауыл ауылдық округінің әкімі ауыл, көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

6

6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Баянауыл ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (аудандық газет, ауылдық округ әкімнің ресми сайтында) өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

7 7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Баянауыл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Баянауыл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

9 9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

10 10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

11 11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Баянауыл ауылдық округінің әкімі аппаратына береді.

Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

1 1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

2 2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

3 3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

4 4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

5 5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

26 Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Баянауыл аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
«26» желтоқсандағы
№ 238/27 шешіміне
2 - қосымша
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Р/с №
Ауылдардың, көшелердің атаулары
Ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
1
2
3
Баянауыл ауылдық округі
10
1
Баянауыл ауылы Ермұхан Бекмаханов, Сұлтан Сәрсенбаев, Шоң Едіге, Амангелді Иманов, Мұстафа Бүркітбай, Қосым Пішембаев, Хамза Абылғазин көшелері
379
2
Баянауыл ауылы Шәкен Айманов, Қошке Кеменгеров, Мұса Шорманов, Зейін Шашкин көшелері
450
3
Баянауыл ауылы Жалантос Батыр, Олжабай батыр, Жұмат Шанин көшелері
333
4
Баянауыл ауылы Әлкей Марғұлан, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов, Жаяу Мұса Байжанов, Несіпбек Баязитов, Абай Құнанбаев көшелері
1629
5
Баянауыл ауылы Қаныш Сәтбаев, Рымтай Ізбасты, Әбікен Бектұров, Жамбыл Жабаев көшелері
850
6
Баянауыл ауылы Мәшхүр Жүсіп Көпеев, Шоқан Уалиханов, Жүсіпбек Аймауытов көшелері
610
7
Баянауыл ауылы Бақыт Хайдаров, Қалижан Бекхожин, Сабындыкөл, Сарыадыр қыстауы, Сиректас қыстауы көшелері
111
8
Баянауыл ауылы Виктор Ферингер, Әміре Айтпакин, Шапық Шокин, Жарылгапберді Жұмабаев, Юрий Гагарин, Бұхар Жырау көшелері
518
9
Шонай ауылы. Нағым Солтаналин көшесі
143

Қолданыстағы