Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в Жаркаинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в Жаркаинском районе
- Атауы (қаз.)
- Жарқайың ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-12/422
- Қабылданған күні
- 30.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2024 205674_737780.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24BL887803
- ЭКБ идентификаторы
- 205674
- Редакция идентификаторы
- 205674_737780
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:34
0 Жарқайың ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жарқайың ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2
2. Жарқайың ауданы әкімдігінің «Жарқайың ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2022 жылғы 5 қаңтардағы № А-1/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26473 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Жарқайың ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Жарқайың ауданының әкімі
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ А-12/422 қаулысына
қосымша
Жарқайың ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Стационарлық емес сауда объектілерінің нақты орналасқан орындары
Қызмет
саласы
Алып жатқан алаң (шаршы метр)
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)
Жақын маңдағы инфрақұрылым (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
1
Державин қаласы, Мир көшесі, 92 А ғимаратының алдында
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар
168 шаршы метр
5 жыл
жоқ
2
Державин қаласы, Мир көшесі, 152 ғимаратының жанында
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар
120 шаршы метр
5 жыл
жоқ
3
Державин қаласы, Степной кенті шағын ауданы, Социалистік көшесі, 1 В ғимаратына қарама-қарсы
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар
120 шаршы метр
5 жыл
жоқ