Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 608 · қабылданған 30.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-205905/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 608 ·30.12.2024
30.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 608 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
608
Қабылданған күні
30.12.2024
Көрсетілген редакция
30.12.2024 205905_738537.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24UC00608A
ЭКБ идентификаторы
205905
Редакция идентификаторы
205905_738537
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:33

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69-баптары, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37-бабына және бекітілген жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларына сәйкес, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «ГРК Металлинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Кентау қаласы, Тәуелсіздік көшесі бойынан «Барит кен байыту фабрикасына автокөлік кірме жолын жүргізу үшін» жалпы алаңы 1,7100 га (17100 ш.м) жер теліміне 10 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Кентау қаласының әкімдігінің «Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Көкеновке жүктелсін.

Қолданыстағы