«Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Риддер»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Риддер»
- Атауы (қаз.)
- «Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы»
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23/8-VIII
- Қабылданған күні
- 25.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2024 205929_738957.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24VD912616
- ЭКБ идентификаторы
- 205929
- Редакция идентификаторы
- 205929_738957
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:18
0
«Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қоса беріліп отырған Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу жөніндегі әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшері бекітілсін.
2
2. Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 20 қазандағы № 48/3-VI «Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7741 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшері
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 23/8-VIII
Риддер қалалық мәслихатының
шешімімен бекітілген
Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету
Қағидалары мен мөлшері
1 1 тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды (бұдан әрі мәтін бойынша әлеуметтік қолдау).
2 2. Әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган – «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
2 2 тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
3
3. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі мәтін бойынша алушылар) Риддер қалалық бюджетінің қаражаты есебінен көрсетіледі.
4
4. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет 11,3759 (он бір бүтін үш мың жеті жүз елу тоғыз он мың) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, алушылардан өтініштер талап етілмей, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.