Құжат мәтініне өту

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о технико-экономическом сотрудничестве

Қаулы · № 1086 · қабылданған 20.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-206150/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о технико-экономическом сотрудничестве Қолданыста Қаулы ·№ 1086 ·20.12.2024
20.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о технико-экономическом сотрудничестве

Қолданыста Қаулы ·№ 1086 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о технико-экономическом сотрудничестве
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1086
Қабылданған күні
20.12.2024
Қолданысқа енгізілген күні
20.12.2024
Көрсетілген редакция
20.12.2024 206150_741884.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400001086
ЭКБ идентификаторы
206150
Редакция идентификаторы
206150_741884
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 07:41

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 2024 жылғы 3 шілдеде Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса
тіркелген халықаралық Келісімнің мәтіні ресми
болып табылмайды. ҚР халықаралық Келісімінің
жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған
көшірмесін ҚР халықаралық Келісімдерін тіркеуге,
есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы
істер министрлігінен алуға болады

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық
Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық
ынтымақтастық туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі Тараптар 2023 жылғы 17 мамырда қол қойған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумды іске асыру, сондай-ақ екі ел арасындағы достық қатынастар мен техникалық-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Қазақстан Республикасы Үкіметінің сұрау салуына сәйкес Қытай Халық Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметіне техникалық-экономикалық ынтымақтастық шеңберінде екі Тарап келіскен жобаларға пайдаланылатын 100000000 (бір жүз миллион) юань мөлшерінде өтеусіз көмек көрсетеді.
Нақты мәселелер және Қазақстан Республикасының жобаларға жауапты уәкілетті ұйымдарын таңдау Тараптар қосымша қол қоятын келісімдерде көзделетін болады.

2 2-бап

Қазақстан Республикасының жобаларға жауапты уәкілетті ұйымдары және Қытайдың Мемлекеттік даму банкі өтеусіз көмекті есепке алу үшін қытай юанінде «№ 2023/1 көмек көрсету шоты» деп аталатын шоттар ашады.
Қазақстан Республикасының жобаларға жауапты уәкілетті ұйымдары және Қытайдың Мемлекеттік даму банкі есеп жүргізеді және Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес осы шоттардың пайдаланылуы туралы өз мемлекеттерінің үкіметтері алдында есеп береді.

3 3-бап

Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді және Тараптардың осы Келісім бойынша барлық міндеттемелері орындалған күнге дейін қолданылады.
2024 жылғы «3» шілдеде Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте барлық мәтіндер теңтүпнұсқалы болып табылады.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қытай Халық Республикасының
Үкіметі үшін

Қолданыстағы