Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи согласия на назначение (избрание) руководящих работников финансовых организаций

Қаулы · № 157 · қабылданған 11.06.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-20622/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи согласия на назначение (избрание) руководящих работников финансовых организаций Күшін жойған Қаулы ·№ 157 ·11.06.2004
24.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи согласия на назначение (избрание) руководящих работников финансовых организаций

Күшін жойған Қаулы ·№ 157 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи согласия на назначение (избрание) руководящих работников финансовых организаций
Атауы (қаз.)
Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
157
Қабылданған күні
11.06.2004
Көрсетілген редакция
24.02.2012 AI20622_26.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040002952_
ЭКБ идентификаторы
20622
Редакция идентификаторы
AI20622_26
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:01

0 Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы

Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді :

1 1. Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесі бекітілсін.

2 2. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):

1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

2 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

3

3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

4 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзім өткен соң күшіне енеді.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

0 Қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру Ережесі

Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу
мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының "Қаржы ұйымдары
басшы қызметкерлерінің лауазымына
кандидаттарды келісілу Ережесін
бекіту туралы"
2004 жылғы 12 маусымдағы
№ 157 қаулысымен бекітілді
Қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру Ережесі
Осы Ереже " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы " 1995 жылғы 31 тамыздағы, " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы " 1997 жылғы 20 маусымдағы, " Сақтандыру қызметі туралы " 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, " Бағалы қағаздар рыногы туралы " 2003 жылғы 2 шілдедегі, " Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы " 2003 жылғы 4 шілдедегі, " Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы " 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың (оның ішінде Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының), (бұдан әрі - қаржы ұйымы) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін, сондай-ақ келісім алуға қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді.

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымы басшы қызметкерінің лауазымына кандидатты (бұдан әрі - кандидат) тағайындауға (сайлауға) келісім береді (бұдан әрі - келісу). Уәкілетті органмен келісілуге жататын қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалады.

1-1

1-1. Осы кандидат бұдан бұрын тиісті немесе жоғары лауазымды қызметке тағайындалуға уәкілетті органмен келісілген деген талаппен және осы кандидат Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келеді деген талаппен қаржы ұйымы уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге қайта тағайындалған (қайта сайланған) қаржы ұйымының басшы қызметкерін уәкілетті органмен келісу тиісті емес.
Осындай жағдайда қаржы ұйымы осы кандидат Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетіні көрсетілетін ілеспе хатпен басшы қызметкерді тиісті лауазымға жаңа мерзімге тағайындау (сайлау) жөніндегі қаржы ұйымы уәкілетті органының шешімінен үзінді көшірменің көшірмесін береді. Басқа құжаттарды беру талап етілмейді

1-2

1-2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына тағайындау (сайлау) үшін қажетті стажына үміткердің қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу, және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі қызметтер саласында, және (немесе) үміткердің мынадай халықаралық ұйымдарда істеген жұмысы кіреді:
Халықаралық валюталық қор;
Халықаралық қайта құру және даму қоры;
Халықаралық қаржы корпорациясы;
Халықаралық даму қауымдастығы;
Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталығы;
Еуропа қайта құру және даму банкi;
Азия даму банкі;
Ислам даму банкі.

2 2. <*>

3 3. Келісілуді уәкілетті орган тестілеуден өткізу үшін кандидаттарды шақыра отырып, не осы Ережелердің 12-тармағында көзделген жағдайда оларды шақырмай өткізеді.

4 4. Қаржы ұйымы кандидатын келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1

1) кандидат Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне қойылған талаптарға сәйкес келетіні көрсетіліп, еркін нысанда жасалған өтінішті және қаржы ұйымымен (өтініш берушімен) құжаттамалық жағынан тексерілгені көрсетіліп, кандидат туралы, оның ішінде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ұсынылған мәліметтерді және оған мыналар қол қоюлары тиіс:
қаржы ұйымының (өтініш берушінің) директорлар кеңесінің бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда, директорлар кеңесінің шешімімен (директорлар кеңесінің осы шешімінің көшірмесін беріп) директорлар кеңесінің бір мүшесі - директорлар кеңесінің мүшелерін, қаржы ұйымының (өтініш берушінің) бірінші басшысын және басқарма мүшелерін тағайындағанда (сайлағанда);
қаржы ұйымы (өтініш беруші) басқармасының бірінші басшысы (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлғаның) не қаржы ұйымы (өтініш беруші) басқармасының бірінші басшысының қызметін атқарушы тұлға (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлғаның) (міндетін атқару жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін беріп) - директорлар кеңесінің бірінші басшысын, бас бухгалтерді және қаржы ұйымының (өтініш берушінің) өзге басшы қызметкерлерін тағайындағанда (сайлағанда);
сақтандыру брокері аукционерлерінің бірі - сақтандыру брокерінің бірінші басшысын сақтандыру брокерінің бірінші басшысы ретінде не оның міндетін атқарушы тұлғаны (міндетін атқару жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін беріп) тағайындағанда (сайлағанда) - бірінші басшының орынбасарын және сақтандыру брокерінің бас бухгалтерін тағайындағанда (сайлағанда);
қаржы ұйымының (өтініш берушінің) осы құжатқа қол қоюға уәкілеттігі бар қатысушыларының бірі (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған қаржы ұйымы үшін) -тіркеушінің, трансфер-агенттің атқарушы органының, сақтандыру брокерінің бірінші басшысының функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлғаны тағайындағанда (сайлағанда);

2 2) басқарма мүшесінің лауазымына, қаржы ұйымы құрылымдық

бөлімшелерінің қызметіне үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге
асыратын және оның негізінде сәйкес банк операциялары, сақтандыру және(немесе) инвестициялық қызмет жүргізілетін, бағалы қағаздар рыногында мәмілелер жасалатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар қаржы ұйымының өзге басшысы лауазымына кандидаттың қызметтік нұсқаулығының (тегін, атын, бар болса - әкесінің атын, лауазымын және қызметтік нұсқаулығымен танысқан күнді және оның қойылған қолын көрсетіп, осы кандидаттың өкілеттігі бар) көшірмесін;

3

3) қаржы ұйымының басшы лауазымына кандидатты тағайындау (сайлау) күнін көрсетіп, қаржы ұйымы уәкілетті органының кандидатты тағайындау (сайлау) жөніндегі шешімінен үзінді көшірменің көшірмесін (екі және одан астам кандидаттарды келіскенде - әр кандидат үшін шешімнің үзінді көшірмесінен бір данадан).
Тағайындау күні болмаған жағдайда, тағайындау (сайлау) күні болып қаржы ұйымының уәкілетті органы шешім қабылдаған күн саналады;

4 4) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес электронды және қағаз жеткізушідегі кандидат туралы мәліметтерді (1-қосымшадағы фотосурет 3x4 мөлшермен ашық түсте жасалған);

5 5) осы Ереженің 4-2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, ғылыми дәрежені алғанын растайтын құжаттың көшірмесін;

6 6) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

7

7) құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның анықтама нысанында берген алынбаған немесе өтелмеген сот ісінің жоқтығын растайтын құжатты (не бір кандидатты екі және одан астам басшы лауазымына келісу үшін құжаттар пакетін бергенде құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы анықтамасының көшірмесін). Аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан астам емес болады;

8

8) қол қойылған күнін және ұсыным берген тұлғаның лауазымын, ұсыным берген тұлға осы Ереженің талаптарына сәйкес келетінін, сондай-ақ кандидаттың мына кәсіби мінездемелерін көрсетіп, еркін нысанда жасалған, осы Ереженің 4-2-қосымшасында көрсетілген кем дегенде екі тұлғадан алынған кандидатқа ұсыным хаттарды:
кәсіби жарамдылығын бағалау;
кәсіби қызметіндегі жетістіктері;
жеке мінездеме;
қадір-қасиеті және кемшіліктері;
қойылған міндеттерді орындау мүмкіндігі;
потенциалдары және мүмкіндіктері;
қабылданатын шешімдердің тиімділігі;
жұмыстың жалпы нәтижесіне жеке үлесі.
Мәліметтер мен (немесе) ұсынылған құжаттардың шынайлығын тексеру қажеттілігі болған жағдайда, уәкілетті орган қажетті ақпаратты тиісті органдардан, ұйымдардан не ұсыным берген тұлғадан сұратады.

4-1 4-1. алынып тасталды

4-2 4-2. Ұсыным беруші тұлғалар мыналар болуы мүмкін:

1 1) "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі;

2

2) оларды тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған, қол қою күні ол қайтарып алынбаған, ұсыным хатқа қол қою күні директорлар кеңесінің бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі, басқарманың бірінші басшысы (тіркеуші, трансфер-агенттің, сақтандыру брокерінің атқарушы органының функцияларын жекелей жүзеге асырушы тұлға), қаржы ұйымдары басқармасының мүшесі лауазымындағылар;

3 3) ұсыным хатқа қол қойған күніне уәкілетті органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары лауазымында болған тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың бірінші басшылары және олардың орынбасарлары;

4 4) экономика және (немесе) заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесі бар тұлғалар;

5 5) өкілдіктердің басшылары, тізбесі осы Ереженің 1-2-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары.

Қазақстан Республикасының резиденттері емес кандидаттарын келісу кезінде ұсыным беруші тұлға тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген) белгіленген рейтингтік агенттіктерінің бірі тағайындаған BB+-ден төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес қаржы ұйымдарының бірінші басшысы және директорлар кеңесінің мүшелері, бірінші басшы және басқарма мүшелері сонымен қоса болуы мүмкін.
Ұсыным беруші тұлғалар болып мыналар бола алмайды:
кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің) басшы қызметкері;
кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің) акционері, құрылтайшысы;
кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің) құрылтайшысының (акционерінің) басшы қызметкері;
кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің) еншілес ұйымының басшы қызметкері;
кандидаттың ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) және кандидаттың жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары);
кандидатты келісу туралы қаржы ұйымы өтініш бергенге дейінгі бір жыл ішінде уәкілетті органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі тарапынан шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылған жеке тұлға.

4-2

4-3

4-3. Осы Ереженің 4, 4-4-тармақтарында аты аталған, бірнеше парақтардан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың екінші бетінде тігілім шетіне желімделген парақтардың саны көрсетіліп, ішінара жапсырманың жоғарғы жағына қаржы ұйымының мөрімен расталған күйінде ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері осындай құжаттарға қол қою құқығы бар қаржы ұйымының лауазымды тұлғаларының қолымен және қаржы ұйымының мөр бедерімен расталады.

4-4 4-4. Қаржы ұйымы уәкілетті органмен келісілген (бұдан әрі - келісілген басшы қызметкер), бір уақытта осы не басқа қаржы ұйымының басшы қызметкері лауызымын атқарып отырған кандидатты басшы қызметкері лауазымына келісу үшін уәкілетті органға мыналарды береді:

кандидат Ереженің осы тармағының талаптарына сәйкес келісіледі және кандидат туралы мәліметтер, оның ішінде осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілгендер қаржы ұйымымен (өтініш берушімен) құжаттама жағынан тексерілгенін және кандидат Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне қойылған талаптарға сәйкес келетінін көрсетіп, еркін нысанда жасалған өтінішті;
қаржы ұйымы уәкілетті органының кандидатты тағайындау (сайлау) жөніндегі шешімінен үзінді көшірменің көшірмесін;
кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
электронды және қағаз жеткізушідегі осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес кандидат туралы мәліметтерді;
басқарма мүшесі, қаржы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банктік операциялар, сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызмет негізінде тиісті жүргізілетін, бағалы қағаздар нарығындағы мәмілелер жасалатын құжаттарға қол қою құқығы бар қаржы ұйымының өзге басшы қызметкері лауазымына кандидатының лауазымдық нұсқаулығының (тегін, атын, бар болса - әкесінің атын, лауазымын және лауазымдық нұсқаулықпен танысқан күнін және оның қолы көрсетілген, осы кандидаттың өкілеттігі бар) көшірмесін.

4-5

4-5. Осы Ереженің 4-4-тармағында көрсетілген келісілген басшы қызметкерге қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында, уәкілетті орган басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісім берген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органнан оның есебіндегі кандидатта алынбаған немесе өтелмеген сот ісінің жоқтығы (бар болуы) жөніндегі мәліметтерді талап бланкілерінде өтеусіз негізде талап етеді.

5 5. Осы Ереженің 4, 4-4-тармақтарында көрсетілген құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды.

Осы Ереженің 4, 4-4-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда не ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) қаржы ұйымы жарғысының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган қаржы ұйымына ескертулерді және оларды жою мерзімін көрсете отырып, жазбаша жауап қайтарады.

5-1

5-1. Азаматтығы бар елінде (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар немесе ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтердің сенімділігін растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) қаржы ұйымдарының басшы қызметкері лауазымына тағайындалған (сайланған) күннен бастап алты айдан кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органға олардың азаматтығы бар елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - тұрақты тұратын елінің) не кандидат соңғы он бес жыл ішінде тұрақты тұрған елінің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады.
Көрсетілген құжатты осы тармақта белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, мәліметтер негізінде келісім берілген осы мәліметтер шынайы емес болып табылады, және берілген келісім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша уәкілетті органмен қайтарып алуға жатады.

6 6. Кандидатты келісілу үшін уәкілетті органда дербес құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген, қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

7

7. Уәкілетті органның жауапты бөлімшесі тестілеудің өтетін күні туралы қаржы ұйымына жазбаша хабарлайды. Тестілеуден өту үшін дәлелді себептермен белгіленген мерзімде кандидат келмей қалған жағдайда, қаржы ұйымы бұл туралы уәкілетті органға келмей қалу себептерін және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленгеннен аспайтын мерзімде кандидаттың тестілеуден өтуі мүмкін күнін көрсете отырып хабарлайды.

8 8. Комиссияның қарауына қаржы ұйымы берген құжаттар, тестілеу үшін шақырылған кандидатты келісілген жағдайда - тестілеудің нәтижелері беріледі. Комиссияның мүшелері құжаттарды қарайды және осы Ереженің 2-қосымшасының нысаны бойынша қаралған мәселе жөнінде өз пікірін білдіреді.

9 9. Комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Комиссия төрағасының немесе оны ауыстырушы тұлғаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімі сауалнамалық жолмен қабылдана алады.

10 10. Комиссия мүшелерінің құжаттарды қарау нәтижелері бойынша хатшы Комиссияның қабылдаған шешімі туралы хаттаманы ресімдейді.

Қаржы ұйымы жазбаша хабарламаны уәкілетті органның жіберуі арқылы кандидаттарды келісілу нәтижелері туралы Комиссия Төрағасының (немесе оның орынбасарының) хаттамаға қол қойған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарланады.

11 11. Хаттамамен рәсімделген Комиссияның ұсынымы бойынша қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім уәкілеті органның бірінші басшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген негіздер бойынша шақырылып алынуы мүмкін.

2 2-тарау. Кандидаттарды келісілу

12 12. Берілген құжаттардың негізінде шақырмай келісілуге:

1

1) Басқарманың бірінші басшысы (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жекелей жүзеге асырушы тұлға) және сақтандыру брокерінің бірінші басшысы лауазымына кандидатты қоспағанда, қаржы ұйымдарында сәйкес немесе жоғары тұрған лауазымға уәкілетті органмен бұрын келісілген кандидаттар;

2

2) қаржы рыногының осы секторында сәйкес лауазымға уәкілетті органмен бұрын келісілген немесе қаржылық қызмет көрсетуді реттеуді жүзеге асыратын (жүзеге асырған) мемлекеттік органның басқарма мүшесі болған Басқарманың бірінші басшысы (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғалар) және сақтандыру брокерінің бірінші басшысы лауазымына кандидаттар (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, тиісінше бағалы қағаздар рыногында);

3 3) директорлар кеңесі мүшелерінің (директорлар кеңесінің төрағасын қоспағанда) және тек қаржы ұйымдарының қауіпсіздік мәселелерін, әкімшілік-шаруашылық мәселелерін ғана жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар;

4

4) басқарманың бірінші басшысы, (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жекелей жүзеге асырушы тұлға), сақтандыру брокерінің бірінші басшысы, бас бухгалтер лауазымына кандидат - осы секторда (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, тиісінше бағалы қағаздар рыногында) не осы Ереженің 1-2-тармағында көрсетілген халықаралық және (немесе) аудиторлық қаржы ұйымдардың бірінің бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі, қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерді жетекшілік ететін басқарма мүшесі, дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың) басшысы немесе басшының орынбасары, қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты қаржы ұйымының бас бухгалтері немесе бас бухгалтердің орынбасары ретінде кемінде үш жыл еңбек стажы бар болса;

4-1 4-1) қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы лауазымына кандидат – мынадай жұмыс стажы бар болғанда:

- осы секторда (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымда, тиісінше бағалы қағаздар нарығында) бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары, қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты болған қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың) басшысы немесе басшының орынбасары ретінде екі жылдан кем емес;
- бірінші басшы, директорлар кеңесінің мүшесі, бірінші басшы, басқарма мүшесі (қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерге жетекшілік еткен) не қаржылық қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын (асырған) мемлекеттік органның басқарма мүшесі ретінде бір жылдан кем емес;
- ұйымның қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, әкімшілік-шаруашылық қызметпен байланысты жұмыс стажын қоспағанда, осы Ереженің 1-2-тармағында көрсетілген халықаралық және (немесе) аудиторлық ұйымның басшы қызметкері (бас бухгалтердің орынбасары, дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың) басшысының орынбасары лауазымынан төмен емес) ретінде екі жылдан кем емес;

5

5) сақтандыру брокердің бірінші басшысының орынбасары, қаржы ұйымының басқарма мүшесі лауазымына кандидат – бірінші басшы, директорлар кеңесінің мүшесі, қаржылық қызмет көрсетулермен байланысты мәселелерді жетекшілік еткен басқарма мүшесі, бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары, қызметі қаржылық қызмет көрсетулермен немесе әкімшілік, ақпараттық-технологиялық функцияларды жүзеге асырумен байланысты, сондай-ақ қаржы ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың) басшысы немесе басшының орынбасары, не уәкілетті орган бөлімшесінің басшысы не осы Ереженің 1-2-тармағында көрсетілген халықаралық және (немесе) аудиторлық қаржы ұйымдарының бірінің бірінші басшысы, қаржылық қызмет көрсетулермен байланысты мәселелерді жетекшілік еткен Басқарма мүшесі, директорлар кеңесінің мүшесі, қызметі қаржылық қызмет көрсетулермен байланысты бөлімшенің басшысы ретінде кемінде екі жыл еңбек стажы бар болса;

6

6) қаржы ұйымының өзге басшы қызметкері лауазымына кандидат – бірінші басшы, директорлар кеңесінің мүшесі, қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерді жетекшілік еткен Басқарма мүшесі, бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары, қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың) басшысы немесе басшының орынбасары, не уәкілетті орган бөлімшесінің басшысы не осы Ереженің 1-2-тармағында көрсетілген халықаралық және (немесе) аудиторлық қаржы ұйымдарының бірінің бірінші басшысы, қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерді жетекшілік еткен Басқарма мүшесі, директорлар кеңесінің мүшесі, қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты бөлімшенің басшысы ретінде кемінде бір жыл стажы бар болса;

7 7) алынып тасталды

8 8) алынып тасталды .

13 13. Тестілеуден өткізу үшін шақырылған кандидаттарды келісілу 30 сұрақ бойынша 45 минуттың ішінде компьютерлік тестілеу әдісімен өткізіледі.

Кандидаттарды тестілеуге арналған сұрақтарды уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.

14 14. Тестілейтін тұлғамен бірге бір үй-жайда кандидаттарды тестілеу уақытында тек уәкілетті органның жауапты бөлімшелерінің қызметкерлеріне және қажет болған жағдайда, аудармашыға рұқсат беріледі.

Кандидатты тестілеуден өткізу кезінде қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдалануға жол берілмейді. Осы тармақта баяндалған талаптарды бұзу тестілеудің теріс нәтижесіне тең келеді.

15 15. Тестілеудің дұрыс нәтижесін алған кезде (кемінде 70% дұрыс жауап) кандидат тағайындалған (сайланған) лауазымына келісілген болып есептеледі.

Кандидат тестілеу өткеннен кейін тез арада қол қойылған тест нәтижелерімен танысуы тиіс.

16 16. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда тестілеу рәсімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде кандидат уәкілетті органға шағымымен жазбаша түрде өтініш ете алады.

17 17. Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті орган бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі. Комиссияның төрағасы, оның орынбасары және мүшелері Апелляциялық комиссияның мүшелері болып табыла алмайды.

18 18. Шағымды Апелляциялық комиссия оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.

19 19. Апелляциялық комиссияның мәжілісіне дауыс құқығынсыз Комиссияның Төрағасы және/немесе оның орынбасары кандидаттың қатысуымен қатыса алады.

20

20. Апелляциялық комиссияның әрбір мүшесінде бір дауыс бар. Апелляциялық комиссияның шешімі Апелляция комиссиясының мәжілісіне қатысушылардың санынан оның мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Апелляциялық комиссия Төрағасының не ол болмай қалғанда Апелляциялық комиссияның Төрағасы орынбасарының дауысы шешуші болып табылады.

21 21. Апелляциялық комиссияның шешімі екі данада жасалған және осы мәжіліске қатысушы Апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

22 22. Аппеляциялық комиссия отырысының хаттамасын жүргізуді Апелляциялық комиссия мүшелерінің санынан уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалған оның хатшысы жүзеге асырады.

23 23. Шағымды, кандидаттың тестік сұрақтарға жауаптарын қарау, кандидаттың дәлелдерін тыңдау нәтижелері бойынша Апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің біреуін:

тест нәтижелерін өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырмай қалдыруды;
кандидат шағымын қанағаттандыруды және тестің нәтижелерін оң деп тануды;
кандидатты қайталанған тестілеуге жіберуді қабылдайды.

23-1 23-1. Қаржы ұйымының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім мынадай себептермен берілмеуі мүмкін:

1 1) басшы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

2 2) тестілеудің теріс нәтижесі не дәлелді себепсіз тестілеуге келмей қалу;

2-1 2-1) қаржы ұйымы уәкілетті органының ескертулерін жоймауы немесе қаржы ұйымы уәкілетті органының ескертулерін ескеріп, түзетілген құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі аяқталғаннан кейін беруі;

3 3) басшы қызметкер өз лауазымды қызметін уәкілетті органның келісімінсіз иелене алатын кезең мерзімінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген мерзімі бойынша аяқталуы бойынша құжаттарды ұсыну;

4 4) кандидатты келісу туралы қаржы ұйымы өтініш бергенге дейінгі бір жыл ішінде уәкілетті органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі тарапынан қолданған қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялары бар болу;

5

5) басшы қызметкер лауазымында (болған) оның өкілеттігіне кіретін не кірген мәселелер бойынша қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі (жүйелі он екі күнтізбелік ай ішінде екі және одан астам рет) бұзуына әкелген шешімді ол қабылдаған фактілері туралы уәкілетті органның мәліметтері бар болуы. Осы талап уәкілетті орган қаржы ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамасын (жүйелі бұзушылықтың) соңғы бұзуын анықтаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

24 24. Уәкілетті орган онымен үміткерлері келісілген қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің тізілімін жүргізеді.

25

25. Басшы қызметкерлері уәкілетті органмен келісілген қаржы ұйымдары он күндік мерзімде уәкілетті органды оларды келісуге ұсынылған құжаттардағы өзгерістер (осы Ереженің 1-қосымшасының 5, 8-тармақтарын қоспағанда), сондай-ақ басшы қызметкерлерін басқа лауазымға аударуды және жұмыстан шығаруды қоса алғанда, олардың құрамында болған барлық өзгерістер жөнінде хабардар етеді.

26 26. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешілуі тиіс.

1 Қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына кандидат туралы мәліметтер

Қаржы ұйымдарының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру ережесінің
1-қосымшасы
фотосуреттің орны
Қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына кандидат туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
      (кандидаттың фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты және
____________________________________________________________________
          тағайындалатын қаржы ұйымындағы лауазымы көрсетіледі)
____________________________________________________________________
                       (қаржы ұйымының атауы)

1 1. Жалпы мәліметтер:

Туы­л­ған кү­ні және ор­ны
Аза­мат­тығы
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­дың де­ректе­рі

2 2. Білімі:


Оқу ор­ны­ның
ата­уы
Түс­кен кү­ні - бі­тір­ген кү­ні
Ма­манды­ғы
Бі­лі­мі ту­ра­лы­ди­плом­ның де­ректе­ме­ле­рі,
бі­лік­ті­лі­гі
Оқу ор­ны
ор­на­лас­қан ор­ны
1.

3 3. Ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) және жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:


Те­гі,аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Туы­л­ған
жы­лы
Туы­стық қа­ты­на­ста­ры
Жұ­мыс ор­ны және ла­у­а­зы­мы
1.

4 4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысуы және акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:


Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы және ор­на­лас­қан же­рі
Заң­ды тұл­ға­ның қыз­ме­ті­нің жар­ғы­лық тү­рі
Жар­ғы­лық ка­пи­тал­да қа­ты­су үле­сі неме­се кан­ди­дат­қа ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар са­ны­ның заң­ды тұл­ға­ның да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на ара қа­ты­на­сы (пай­ы­з­бен)
1.

5 5. Соңғы үш жылдағы біліктілік көтеру жөніндегі семинарлар, біліктілік көтеру курстарынан өту туралы мәліметтер:


Ұй­ым­ның ата­уы
Өт­кі­зу кү­ні және ор­ны
Сер­ти­фи­кат де­ректе­ме­ле­рі
1.

6 6. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

Осы тармақта мына мәліметтер көрсетіледі:
кандидаттың барлық еңбек қызметіндегі лауазымдары, оның ішінде уәкілетті органға келісу туралы өтінішті берген қаржы ұйымында атқарып отырған лауазымы туралы;
осы ұйымның мекен-жайы және байланыс телефонын көрсетіп, келісу туралы өтінішті берген күні кандидат басқа ұйымдарда атқарып отырған лауазымдары туралы.

Жұ­мыс ке­зе­ңі (кү­ні, айы, жы­лы)
Жұ­мыс ор­ны
Ла­у­а­зы­мы
Тәр­тіп­тік
ша­ра
қол­да­ну­дың
бар бо­луы
Жұ­мыстан шы­ғу, қыз­мет­тен
боса­ту се­беп­те­рі
1.

7 7. Осы және басқа қаржы ұйымдарының директорлар кеңесіндегі және инвестициялық комитеттеріндегі мүшелігі туралы мәліметтер:


Ке­зең (кү­ні, айы, жы­лы)
Қар­жы ұй­ы­мы­ның
ата­уы
Ла­у­а­зы­мы,
ке­ліс­кен
кү­ні (та­лап етіл­се)
Жұ­мыстан шы­ғу,
ла­у­а­зы­мы­нан боса­ты­лу
се­беп­те­рі
1.

8 8. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірленімдер және басқа да жетістіктері:

__________________________________________________________________
(иә/жоқ, бар болған жағдайда күні, қандай басылымдарда көрсетілді)
__________________________________________________________________

9 9. Алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болуы туралы мәліметтер:


Кү­ні
Сот ор­га­ны­ның
ата­уы
Сот­тың ор­на­лас­қан ор­ны
Жа­за­ның
тү­рі
Кан­ди­дат қыл­мыстық жа­у­ап­кер­ші­лік­ке сәй­кес тар­ты­л­ған заң­на­ма­лық ак­ті­нің ба­бы
Сот­ты­ң­про­цес­су­ал­ды
ше­шім­ді қа­был­да­ған кү­ні
1.

10 10. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді (өтелмеген немесе мерзімі өткен заемдар және басқалар) орындамау фактілерінің болуы туралы мәліметтер:_________________________________________________________________

_________________________________________________________________      (иә/жоқ, аталған фактілер болған жағдайда, ұйымның атауын және
міндеттемелер сомасын көрсету қажет)

11 11. Осының алдында банкрот болып танылған не лицензиясынан айыру, еріксіз тарату, консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған қаржы ұйымының басшы қызметкері болғаны туралы мәліметтер:

_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(иә/жоқ, қаржы ұйымының атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі
көрсетілсін)

12 12. Қадағалау органдарының заңнаманы бұзғаны үшін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы:

_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(иә/жоқ, күнін, қолдану негіздері мен қадағалау органының атауы
көрсетілсін)

13 13. Қаржы ұйымының басшысы ретінде қаржы ұйымы қызметінің мәселелері бойынша сотта істі қарау кезінде жауап беруші ретінде тартылды ма:

________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(иә/жоқ, күнін, сотта істі қарау кезіндегі жауап беруші – қаржы
ұйымының атауы, қаралған мәселе және сот шешімі)
Осы ақпаратты мен тексердім және оның толық және шынайы болып табылатындығын растаймын.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________
(баспа әріптерімен)
Қар­жы ұй­ы­мы­ның тәу­ел­сіз ди­рек­то­ры ла­у­а­зы­мы­на кан­ди­дат тол­ты­ра­ды:
Мен _____________________________________________
(те­гі, аты, бар бол­са - әке­сі­нің аты)_______________________________________________________________­_­_­_­__
тәу­ел­сіз ди­рек­тор ла­у­а­зы­мы­на та­ғай­ын­дау (сай­лау) үшін "Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар ту­ра­лы" Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2003 жы­л­ғы 13 ма­мыр­да­ғы За­ңын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ті­нім­ді рас­тай­мын.
Күні ___________________________________
Қолы ___________________________________

1-1 Қаржы ұйымдарының басшы қызметкері лауазымына кандидаттың мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер

Қаржы ұйымдарының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
ережесінің 1-1-қосымшасы
Қаржы ұйымдарының басшы қызметкері лауазымына кандидаттың мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер

1 1. Білімі

Оқу ор­ны­ның
ата­уы
Ке­ліп
түс­кен
кү­ні -
аяқ­тал­ған
кү­ні
Ма­манды­ғы
Бі­лі­мі ту­ра­лы
ди­плом­ның
де­ректе­ме-
ле­рі,
бі­лік­ті­лі­гі
Оқу ор­ны­ның
ор­на­лас­қан ор­ны

2 2. Соңғы үш жылдағы біліктілік көтеру жөніндегі семинарлар,

біліктілік көтеру курстарынан өту туралы мәліметтер
Ұй­ым­ның ата­уы
Өт­кі­зу кү­ні және
ор­ны
Сер­ти­фи­кат де­ректе­ме­ле­рі

3 3. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

Жұ­мыс
ке­зе­ңі (кү­ні, айы, жы­лы)
Жұ­мыс
ор­ны
Қыз­ме­ті
Тәр­тіп­тік
ша­ра
қол­да­ну­дың
бо­луы
Жұ­мыстан шы­ғу, қыз­мет­тен
боса­ну се­беп­те­рі

3-1 3-1. Басқа қаржы ұйымдарының директорлар кеңесіндегі және инвестициялық комитеттеріндегі мүшелігі туралы мәліметтер

Ке­зең
Қар­жы
ұй­ы­мы­ның
ата­уы
Ла­у­а­зы­мы,
ке­ліс­кен
кү­ні
Жұ­мыстан шы­ғу,
ла­у­а­зы­мы­нан боса­ты­лу
се­беп­те­рі

3-2

3-2. Қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаментінің, басқармасының) басшысына немесе қаржылық қызмет көрсетуді реттеуді жүзеге асыратын (жүзеге асырған) мемлекеттік органның бөлімше басшысына бұдан бұрын кандидат болды ма деген мәліметтер:
Қар­жы ұй­ы­мы­ның ата­уы/қар­жы­лық қыз­мет көр­се­ту­ді жү­зе­ге асы­ра­тын (жү­зе­ге асыр­ған) мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы
Жұ­мыс ке­зе­ңі
Қар­жы ұй­ы­мы­ның дер­бес құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сін­де­гі (де­пар­та­мен­т­ін­де­гі, бас­қар­ма­сын­да­ғы, бө­лі­мін­де­гі) ла­у­а­зым­ның ата­уы/қар­жы­лық қыз­мет көр­се­ту­ді рет­те­уді жү­зе­ге асы­ра­тын (жү­зе­ге асыр­ған) мем­ле­кет­тік ор­ган­ның бө­лім­ше­сін­де­гі ла­у­а­зым­ның ата­уы

4 4. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірленімдер және басқа да

жетістіктер:
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________

5 5. Экономикалық қызмет аясындағы қылмыс үшін немесе ауырлығы

орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе
өтелмеген соттылықтың болуы туралы мәліметтер
Кү­ні
Сот
ор­га­ны-
ның
ата­уы
Сот­тың
тұ­ра­тын
ор­ны
Жа­за­ның
тү­рі
1997 жы­л­ғы 16
шіл­де­де­гі
Қа­зақ­стан
Рес­пуб­ли­ка­сы-
ның Қыл­мыстық
Ко­дек­сі­нің
ба­бы
Сот­тың
про­цес­су­ал­ды
ше­шім­ді
қа­был­да­ған кү­ні

5-1 5-1. Қаржы ұйымы кандидатты келісу жөніндегі өтінішті бергенге дейінгі бір жылы ішінде уәкілетті органның кандидатқа қолданған санкциялары бар болуы (жоқ болғаны) туралы мәліметтер:

________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________;

6 6. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді (өтелмеген немесе мерзімі өткен заемдар және басқалар) орындамау фактілерінің болуы туралы мәліметтер:

________________________________________________________________________
(аталған фактілер болған жағдайда ұйымның атауын және міндеттемелер сомасын көрсету)

7 7. Осының алдында банкрот болып табылған не лицензиясынан айыру, еріксіз тарату, консервация, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған қаржы ұйымының басшы қызметкері болды ма:

________________________________________________________________________
(иә/жоқ, қаржы ұйымының атауын, қызметін, жұмыс кезеңін көрсету)

8 8. алынып тасталды

9 9. Қадағалау органдарының заңнаманы бұзғаны үшін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы:

________________________________________________________________________
(иә/жоқ, күнін және ықпал ету шарасын кім қолданғанын көрсету)

10 10. Қаржы ұйымының басшысы ретінде қаржы ұйымы қызметінің мәселелері бойынша соттағы ақ-қараны ажырату кезінде жауап беруші ретінде тартылды ма:

_______________________________________________________________________
(иә/жоқ, соттағы ақ-қараны ажырату кезінде жауап беруші - қаржы
ұйымының атауы, қаралған мәселе және сот шешімі)

11 11. Ұсыным жасаушы тұлғаларды көрсеткен ұсыным хаттарының болуы:

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

12 12. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:

_______________________________________________________________________
Осы ақпаратты мен тексердім және оның толық және шынайы болып табылатындығын растаймын.
Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________
(баспа әріптермен)
Күні ________________________________
Қолы _______________________________

1-2 Ұсыным хат

Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін
тағайындауға (сайлауға) келісім беру
ережесінің 1-2-қосымшасы
Ұсыным хат
_______________________________________________________________________
(қаржы ұйымының басшы қызметкері қызметіне ұсынылған кандидаттың
фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мен___________________________________________________________қызметіне
фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса))
_______________________________________________________________________
(қаржы ұйымының басшы қызметкері қызметінің атауын көрсету)
_______________________________________________________________________
(қаржы ұйымының басшы қызметкері қызметіне ұсынылған
кандидаттың фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса))
______________________________________________________________ ұсынамын.
1. Кандидаттың сипаттамасы______________________________________________
_______________________________________________________________________
2. Кәсіби жарамдылық бағасы_____________________________________________
_______________________________________________________________________
3. Кәсіби қызметтегі жетістіктер____________________________________________
_______________________________________________________________________
4. Жеке сипаттамалар____________________________________________________
_______________________________________________________________________
5. Кандидаттың мықты және осал тұстары___________________________________
_______________________________________________________________________
6. Жүктелген міндеттерді орындай білу қабілеттігі____________________________
_______________________________________________________________________
7. Потенциал және мүмкіндіктер___________________________________________
_______________________________________________________________________
8. Қабылданатын шешімдердің тиімділігі____________________________________
_______________________________________________________________________
9. Жалпы жұмыс нәтижесіне қосылған жеке үлес_____________________________
_______________________________________________________________________
10. Адамдармен өзара қарым-қатынасы_____________________________________
_______________________________________________________________________
11. Кандидатқа баға беру үшін пайдалы болуы мүмкін өзге ақпарат_____________
_______________________________________________________________________
Осы ұсынымды беруші тұлға қызметі
_______________________________________________________________________
Ұсыным берушінің жұмыс орны (ұсыным беруші тұлға болып
Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының басшысы
табылған жағдайда осы ұйымның рейтингі, рейтинг агенттігінің атауы
мен рейтинг тағайындалған күні көрсетілуі тиіс)
______________________________________________________________________
Байланыс телефоны ____________________________________________________
Ұсыным берушінің қолы_________________________________________________
Күні ___________________

2 Қаржы ұйымы басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидатты Комиссияның қарау нәтижелері

Қаржы ұйымдары басшы
қызметкерлерінің лауазымына
кандидаттарды келісілу
Ережесінің 2-қосымшасы
200__ жылғы "___" ________
№ ______________ хаттама
Қаржы ұйымы басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидатты Комиссияның қарау нәтижелері
___________________________________________________________
Кандидаттың фамилиясы, аты, әкесінің аты, қаржы ұйымының аты
___________________________________________________________________
№ | Комиссия | "Келісілсін",| Ескерту | Комиссия
п/п| мүшелерінің |"келісілмесін"| (Комиссия |мүшелерінің қолы
| фамилиясы аты | нәтижесі | мүшелерінің | және күні
| әкесінің аты | | ерекше пікірі)|
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қаржы ұйымы басшы қызметкерлерінің
лауазымына кандидаттың Комиссияның
Төрағасы __________________________
Комиссияның шешімі: Келісілсін
Бас тартылсын

Қолданыстағы