Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления органами государственных доходов уполномоченному органу в сфере взаимодействия с неправительственными организациями сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну без получения письменного разрешения налогоплательщика (налогового агента) и перечня представляемых сведений

Бұйрық · № 642-НҚ · қабылданған 30.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-206224/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления органами государственных доходов уполномоченному органу в сфере взаимодействия с неправительственными организациями сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну без получения письменного разрешения налогоплательщика (налогового агента) и перечня представляемых сведений Қолданыста Бұйрық ·№ 642-НҚ ·30.12.2024
30.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления органами государственных доходов уполномоченному органу в сфере взаимодействия с неправительственными организациями сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну без получения письменного разрешения налогоплательщика (налогового агента) и перечня представляемых сведений

Қолданыста Бұйрық ·№ 642-НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления органами государственных доходов уполномоченному органу в сфере взаимодействия с неправительственными организациями сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну без получения письменного разрешения налогоплательщика (налогового агента) и перечня представляемых сведений
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидаларын және ұсынылатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
642-НҚ
Қабылданған күні
30.12.2024
Көрсетілген редакция
30.12.2024 206224_739072.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24JC000642
ЭКБ идентификаторы
206224
Редакция идентификаторы
206224_739072
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:33

0

Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидаларын және ұсынылатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Мыналар:

1

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидалары;

2

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен

1

1) осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

4 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.

5 5. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органның соңғы басшылары қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

1 Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2024 жылғы _______№__ және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2024 жылғы_______№__
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға беру тәртібін айқындайды.

2 2. Мәліметтер Салық кодексінің 30-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацына сәйкес бекітілген лауазымды адамдардың тізбесіне (бұдан әрі – Лауазымды адамдардың тізбесі) енгізілген үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға лауазымды адамдарына ұсынылады.

3 3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органы болып табылады.

4 4. Министрлігі осы Тізбеге енгізілген лауазымды адамдар жұмыстан шығарылған не өзге де болмаған жағдайларда Тізбеге өзгерістердің уақтылы енгізілуін қамтамасыз етеді.

2 2-тарау. Мәліметтер беру тәртібі

5 5. Мәліметтерді беру мынадай тәсілдердің бірінде:

1 1) қағаз жеткізгіштерде;

2 2) электрондық жеткізгіштерде;

3 3) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл, сондай-ақ электрондық құжат айналымы жүйесі болған кезде, Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы жүзеге асырылады.

6 6. Мемлекеттік кірістер органдары сұрау салуын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде мәліметтерді Министрлікке ұсынады.

7 7. Министрлік осы бірлескен бұйрық шеңберінде алынған мәліметтерді өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ғана пайдаланады.

3 3-тарау. Мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету

8 8. Министрлік осы Қағидалардың шеңберінде алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

9 9. Мұндай мәліметтерге рұқсаты бар адамдар өздерінің міндеттерін атқару кезеңінде де, оларды атқарып болғаннан кейін де мәліметтерді жария етпеуге тиіс.

10

10. Алынған мәліметтер мақсаттарға қол жеткiзгеннен және практикалық қажеттiлiгiн жоғалтқаннан кейiн Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында айқындалған тәртіппен жойылуға жатады.

2 Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2024 жылғы_______№__ және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2024 жылғы_______
№__бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесі

Атрибуты
Түрі (өлшемі)
Форматы
ҮЕҰ*-ның есепті кезеңдегі кірістері (сомасы, теңге)
1
БСН
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
2
Салық төлеушінің атауы
Мәтіндік (40)
3
МКБ коды
Сандық (4)
0,..,9цифрлар
4
МКД коды
Сандық (2)
0,..,9цифрлар
5
Депозит бойынша сыйақылар
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
6
Гранттар
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
7
Кіру жарналары
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
8
Мүшелік жарналар
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
9
Қайырымдылық көмек
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
10
Демеушілік көмек
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
11
Өтеусіз негізде алынған ақша және басқа мүлік
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
12
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шарты бойынша алынған кіріс
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
13
Барлық кірістер
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
ҮЕҰ*-ның есепті кезеңдегі шығыстары (сомасы, теңге)
14
Коммерциялық емес ұйымдарды күтіп-ұстау
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
15
Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
16
Ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
17
Сыйақы
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
18
Қайырымдылық көмек
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
19
Демеушілік көмек
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
20
Кіру жарналары
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
21
Мүшелік жарналар
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
22
Өтеусіз негізде берілген ақша және басқа мүлік
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
23
Барлық шығыстар
Сандық (12)
0,..,9цифрлар
Ескерту: аббревиатуралардың анықтамасы:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі
МКБ – мемлекеттік кірістер басқармасы
МКД – мемлекеттік кірістер департаменті
ҮЕҰ – Үкіметтік емес ұйым

Қолданыстағы