Об определении остродефицитных медицинских специальностей в сельских населенных пунктах Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении остродефицитных медицинских специальностей в сельских населенных пунктах Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысының ауылдық елді мекендеріндегі аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 08.01.2025
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2025 206278_763554.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25N1035510
- ЭКБ идентификаторы
- 206278
- Редакция идентификаторы
- 206278_763554
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:26
0 Қостанай облысының ауылдық елді мекендеріндегі аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 14-8) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қостанай облысының ауылдық елді мекендеріндегі аса тапшы медициналық мамандықтар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемелекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Қостанай облысының ауылдық елді мекендеріндегі аса тапшы медициналық мамандықтар
Қостанай облысы әкімдігінің
2025 жылғы 8 қаңтардағы
№ 2 қаулысына
қосымша
Қостанай облысының ауылдық елді мекендеріндегі аса тапшы медициналық мамандықтар
№
Мамандықтар атауы
1
Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)
2
Ангиохирургия (ересектер, балалар)
3
Гематология (ересектер)
4
Кардиохирургия (ересектер, балалар)
5
Ревматология (ересектер, балалар)
6
Медициналық реабилитология (ересектер, балалар)
7
Кардиология (ересектер, балалар)
8
Акушер ісі және гинекология (ересектер, балалар)
9
Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)
10
Педиатрия
11
Онкология (ересектер)