Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес және аудан аумағында туберкулез ауруына қарсы күрес жөніндегі жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы от 30.06.2004 г. № 100/2 (Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы)
1. Туберкулез ауруына қарсы үйлестіру Кеңесі құрылып, құрамы заңнамаға сәйкес мәслихатқа енгізілсін.
2. Туберкулез ауруына қарсы үйлестіру Кеңесінің Ережесі бекітілсін.
3. Осы қаулының орындауының бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Закирьяновқа жүктеледі.
Май ауданы әкімдігінің
2004 жылғы «1» шілдедегі
«Туберкулезге қарсы
күрес жөніндегі үйлестіру
Кеңесі туралы» № 100/2
қаулысымен бекітілген
Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі
үйлестіру Кеңесінің
Ережесі
1. Жалпы қағидалар
1. Туберкулез ауруымен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі Кеңес) аудан аумағында туберкулез ауруымен күрес жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырушы консультативтік – кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының басқа да Заңдарына, өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілеріне, сол сияқты осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Негізгі мақсаты
3. Аудан аумағында туберкулез ауруына таралуына қарсы тиімді іс-қимыл жұмыстарын жүргізу.
3. Кеңесінің міндеттері
4. Кеңес жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың қарауына мынадай ұсыныстар енгізеді:
1) Туберкулез ауруына бақылауды күшейту;
2) Туберкулез ауруымен күрес жөніндегі жұмыстарын жетілдіру;
3) Туберкулез ауруымен күрес жөніндегі жұмыстарды одан әрі күшейту іс-шараларын қолдау.
4. Комиссиясының өкілеттігі:
5. Комиссия өкілеттігі:
1) Аудан аумағында туберкулез ауруымен күрес жөніндегі жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдармен жұмыс жасауға;
2) Заңнамаларда белгіленген тәртіптерге сәйкес өз өкілеттігіне қарай басқадай іс-шараларды өткізуге.
5. Комиссияның құрамын және қызметін ұйымдастыру
6. Комиссия құрамы:
1) Комиссия төрағасы
2) Комиссия төрағасының орынбасары
3) Комиссияның жұмысшы органы аудандық денсаулық сақтау бөлімі.