Құжат мәтініне өту

О создании районной земельной комиссии

Қаулы · № 85 · қабылданған 28.06.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-20638/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О создании районной земельной комиссии Күшін жойған Қаулы ·№ 85 ·28.06.2004
04.10.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании районной земельной комиссии

Күшін жойған Қаулы ·№ 85 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании районной земельной комиссии
Атауы (қаз.)
Аудандық жер комиссиясын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
85
Қабылданған күні
28.06.2004
Көрсетілген редакция
04.10.2024 20638_725505.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04SI001305
ЭКБ идентификаторы
20638
Редакция идентификаторы
20638_725505
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:57

0 Аудандық жер комиссиясын құру туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы маусымның 20-ғы №442-ІІ ҚРЗ Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жанынан жер комиссиясы құрылсын:

2 2. Комиссияның дербес құрамы аудандық маслихат сессиясына бекітуге енгізілсін:

Омаров Дүйсентай Сәукенұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Алешин Александр Иванович - аудындық ауыл шаруашылық және жер катынастары басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Тұрсынбаев Мұхтар Тұранұлы - ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Гюнтнер Владимир Гельмундович - аудандық маслихат сессиясынын хатшысы (келісім бойынша)
Годлевская Нина Ивановна - аудан әкімі аппаратының құқықтық сүрақтар жөніндегі кеңесшісі
Қазанов Болат Сатыбалдыұлы - аудандық ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары
Қайыров Жәлел Ескендірұлы - Мағжан Жұмабаева ауданының жер ресурстарын басқару бойынша бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Шоқыбаев Қуандық Нұрғазыұлы - ауданның қала құрылысы, кұрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы
Сағындықов Оралбай Шәріпұлы – аудандық мәслихат депутаты (келісім бойынша).

3 3. Қоса берілген аудандық жер комиссиясы туралы Ереже бекітілсін.

4 4. Аудан әкімдігінің 2002жылғы қарашаның 28-гі №428 «Аудандық жер комиссиясын қүру туралы», 2003 жылғы қазанның 31-гі № 282 «Аудан әкімдігінің 2002 жылғы» №428 «Аудандық жер комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулылары жойылсын.

Келісілді
Аудандық шаруашылық және
жер қатынастары бөлімінің бастығы
А.И.Алешин
28.06.2004 ж.
Аудандық
мәслихат хатшысы
В.Г.Гюнтнер
28.06.2004 ж.
Аудандық жер ресурстарын
Басқару жөніндегі комитеттің төрағасы
Ж.Е.Қайыров
28.06.2004 ж.
Аудандық мәслихат депутаты
У.Ш. Сағындықов
28.06.2004 ж.

5 Аудандық жер комиссиясын құру туралы

Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 28 маусым
№ 85 «Аудандық жер
комиссиясын құру туралы»
қаулысымен
Бекітілген
Аудандық жер комиссиясын құру туралы

1 1. Жалпы Ережелер

1 1. Жер пайдалану немесе жер учаскесін меншікке беру немесе бас тарту мүмкіндігі туралы қорытынды жасау мақсатында құрылған аудандық жер комиссиясы (әрі қарай комиссия) Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрақты қызмет ететін орган болып табылады.

2 2. Комиссия жергілікті атқарушы орган - әкімдік жанынан құрылады және өз қызметі бойынша олар алдында жауапты.

3 3. Аудандық комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының Жер кодексі және осы Ережеге сәйкес іске асырады.

4 4. Бұл ереже комиссияның міндеттерін, құзырын және қызмет құқығын белгілейді және тұлғалардың өз іс-әрекеті мен шешім қабылдаған кезде заңдылық, әділеттілік және жауапкершілік принциптеріне негізделеді.

5 5. Аудандық жер комиссиясының негізгі міндеттері мен қызметтері:

жер учаскесін беру немесе жер учаскесін беруден бас тарту мүмкіндігі туралы қорытынды қабылдау.

2 2. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі

6 6. Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер пайдалану құқығын беру мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарайды.

Өтініште:
Жер учаскесін пайдалану мақсаты, оның болжамды мөлшері, орналасқан жері, сұралатын пайдалану құқығы, басқа жер учаскесінің болуы (болмауы) көрсетілуі тиіс. Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтінішке жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмесі қоса беріледі.
Жер учаскесіне құкық беру туралы өтініш түскен сәттен бастап 3 айға дейінгі мерзімде қаралады.

7 7. Комиссия отырысына әзірлік:

Комиссияның қарауына түскен материалдарды мерзімінде және дұрыс қарау үшін олар комиссия төрағасымен алдын ала зерделенеді, немесе оның тапсыруы бойынша комиссия төрағасының орынбасары зерделейді.

8 8. Комиссияның қарауына түскен арыздарды алдын ала зерделеу процесінде:

берілген материалдарды қарау оның құзырына жата ма;
комиссия отырысына шақыру және шақыртуға тиісті тұлғалар шеңберін белгілейді.

9 9. Материалдарды алдын ала зерделеу қорытындысы бойынша комиссия:

материалдарды қарауға белгілеп, отырыста міндетті түрде қатысуы қажет боп танылған өтініш берушіге немесе оның заңды өкіліне отырыс уақыты мен орынын хабарлайды;
материалдарды қайта өңдеуге жібереді.

3 3. Аудандық жер комиссиясының қызметін ұйымдастыру

10 10. Комиссия жергілікті өкілді органның депутаттары, жер ресурстарын басқару, сәулет және қала құрылысы жөніндегі аумақтық органдар өкілдері қатарынан құрылады.

Жергілікті атқарушы органның қарауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгізілуі мүмкін.

11 11. Аудандық комиссия қызметіне отырыстарда төрағалық ететін, жұмысын жоспарлайтын, комиссия қызметінің нәтижесіне жауапкершілік тартатын, оның төрағасы басшылық етеді.

12 12. Комиссия отырысы азаматтар мен заңды тұлғалардан түскен өтініштерге сәйкес қажеттілігіне қарай өткізіледі және онда комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан кем емес -мүшелері қатысқан жағдайда құқықты болып саналады.

13 13. Комиссия қорытындысы комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауыс беруі бойынша қабылданады, егер дауыс тең болса, онда төраға дауысы шешуші болып табылады.

14 14. Қорытынды хаттамамен ресімделеді, ұсыныс сипатында болады.

Хаттамада:
комиссияның атауы және дербес құрамы;
комиссия отырысының күні мен өткен орны;
материалдары қаралып жатқан тұлғаның аты-жөні;
өтініште көрсетілген өтініш;
комиссия қорытынды қабылдауға негіз болған жағдай;
комиссия қабылдаған қорытынды.
Хаттамаға төрағалық етуші мен комиссия мүшелері қол қояды, комиссия отырысында жарияланады.
Комиссия отырысының хаттамасының көшірмесі өтініш берушіге беріледі.
Жер учаскесіне құқық табыстаудан бас тарту жергілікті атқарушы органның - әкіңмдіктің қаулысымен ресімделеді, оның дәлелді себептері көрсетілуге, ал көшірмесі өтініш берушіге қаулы қабылданғаннан кейін жеті күн мерзімінде тапсырылуға тиіс.

15 15. Комиссияны ұйымдық және материалды- техникалық қамтамасмыз етуді аудан әкімі аппараты іске асырады.

4 4. Комиссия қызметін тоқтату

25 Комиссия қызметін тоқтатуға негіз:

бұрын комиссияға жүктелген міндеттерді іске асыру бойынша басқа консультативтік- кеңестік орган немесе мемлекеттік орган құрылу;
комиссия міндетін орындауға кедергі немесе орындалуын мақсатсыз ететін басқа жағдайлар.

Қолданыстағы