Құжат мәтініне өту

Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по Северо-Казахстанской области

Қаулы · № 4 · қабылданған 09.01.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-206406/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по Северо-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 4 ·09.01.2025
09.01.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по Северо-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 4 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
09.01.2025
Көрсетілген редакция
09.01.2025 206406_743493.kaz
Соңғы өзгеріс
09.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25S0785215
ЭКБ идентификаторы
206406
Редакция идентификаторы
206406_743493
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:25

0 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін

бекіту туралы
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 болып тіркелді) бекітілген, өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

2

2. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26742 болып тіркелді) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2025 жылғы 9 қаңтардағы
№ 4 әікімдік
қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

1

1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме), «Масс-медиа туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 болып тіркелді) сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынантын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритімін белгілейді.

2

2. Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құны (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай көрсетілетін қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында айқындалады.
Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағалардың құны бұқаралық ақпарат құралдарынан баға ұсыныстарын жинау жолымен айқындалады және осы әдістеменің қосымшасына сәйкес ұсынылған ең төмен құнмен белгіленеді.

3 3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

1 1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттерде көрсетілетін қызметтің құны;
Bn – газетте орналастырылатын, бір см² көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V – газетте орналастырылатын, см²-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;

2 2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдарда көрсетілетін қызметтің құны;
Bm – журналда орналастырылатын, бір см² көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;
V – журналда орналастырылатын, см²-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.

4 4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден астам – 1,4.

5 5. Телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – телевидениеде орналастырылатын, секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі
Егер өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевидениеде көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевидениеде көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

6 6. Радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада орналастырылатын, көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

1 Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі базалық бағалар

Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша бұқаралық ақпарат
құралдарында мемлекеттік
ақпараттық саясатты жүргізу
үшін сатып алынатын көрсетілетін
қызметтердің құнын айқындау
әдістемесіне қосымша
Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі базалық бағалар

Қыз­мет ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Об­лы­стың, қа­ла­лар­дың және аудан­дар­дың ата­уы
2025 жы­л­ға ар­нал­ған ба­за­лық ба­ға
(тең­ге)
2026 жы­л­ға ар­нал­ған ба­за­лық ба­ға
(тең­ге)
2027
жы­л­ға ар­нал­ған ба­за­лық ба­ға
(тең­ге)
1
2
3
4
5
6
7
1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның (Bn) ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын бас­па ба­сы­лым­да­рын­да (га­зет­те) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру)
шар­шы сан­ти­метр
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
500
528
557
2
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның (Bn) ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын бас­па ба­сы­лым­да­рын­да (га­зет­тер­де) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру)
шар­шы сан­ти­метр
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
180
190
200
3
Пет­ро­павл қа­ла­сы­ның (Bn) ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын бас­па ба­сы­лым­да­рын­да (га­зет­те) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру)
шар­шы сан­ти­метр
Пет­ро­павл қа­ла­сы
120
127
134
4
Аудан­дар ау­ма­ғын­да (Bn) та­ра­ты­ла­тын бас­па ба­сы­лым­да­рын­да (га­зет­те) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру)
шар­шы сан­ти­метр
аудан­дар
120
127
134
5
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның (Bm) ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын бас­па ба­сы­лым­да­рын­да (жур­нал­да) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру)
шар­шы сан­ти­метр
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
160
169
178
6
Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар (Bi) мә­се­ле­лер­ді жа­ри­я­лай­тын ин­тер­нет-ре­сур­ста ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­ды дай­ын­дау жө­нін­де­гі (ор­на­ла­сты­ру) көр­се­ті­ле­тін қыз­ме­ті
сим­вол
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
200
211
223
7
Өңір­лік ма­ңы­зы бар мә­се­ле­лер­ді (Bi) жа­ри­я­лай­тын ин­тер­нет-ре­сур­ста ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­ды дай­ын­дау жө­нін­де­гі (ор­на­ла­сты­ру) көр­се­ті­ле­тін қыз­ме­ті
сим­вол
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
30
32
33
8
Өңір­лік ма­ңы­зы бар (Bi) мә­се­ле­лер­ді жа­ри­я­лай­тын ин­тер­нет-ре­сур­ста бей­не­ро­лик дай­ын­дау жө­нін­де­гі (ор­на­ла­сты­ру) көр­се­ті­ле­тін қыз­ме­ті
се­кунд
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
167
176
186
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да (Btv) та­ра­ты­ла­тын мін­дет­ті те­ле -, ра­дио­ар­на­лар тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ар­на­лар­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (сю­жет­тер­ді шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру)
ми­нут
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
573 333
604 866
638 134
10
Мін­дет­ті те­ле -, ра­дио­ар­на­лар (Btv) тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ар­на­лар­ды қо­с­па­ған­да, Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да ұлт­тық те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту опе­ра­то­ры та­ра­та­тын ер­кін қол же­тім­ді те­ле-, ра­дио­ар­на­лар тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ар­на­лар­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (сю­жет­тер­ді, бағ­дар­ла­ма­лар­ды, бей­не­ро­лик­тер­ді шы­ға­ру және ор­на­ла­сты­ру)
ми­нут
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
14 300
15 087
15 916

Қолданыстағы