Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил передачи данных теплопроизводящими и теплотранспортирующими субъектами в единую государственную систему управления топливно-энергетическим комплексом

Бұйрық · № 4-н/қ · қабылданған 10.01.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-206497/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил передачи данных теплопроизводящими и теплотранспортирующими субъектами в единую государственную систему управления топливно-энергетическим комплексом Қолданыста Бұйрық ·№ 4-н/қ ·10.01.2025
15.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил передачи данных теплопроизводящими и теплотранспортирующими субъектами в единую государственную систему управления топливно-энергетическим комплексом

Қолданыста Бұйрық ·№ 4-н/қ · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил передачи данных теплопроизводящими и теплотранспортирующими субъектами в единую государственную систему управления топливно-энергетическим комплексом
Атауы (қаз.)
Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4-н/қ
Қабылданған күні
10.01.2025
Көрсетілген редакция
15.09.2025 206497_783322.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035637
ЭКБ идентификаторы
206497
Редакция идентификаторы
206497_783322
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:23

0 Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидаларын бекіту туралы

«Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасын және 8-тармағын және 2027 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 6-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2025 жылғы 10 қаңтардағы
№ 4-н/қ
Бұйрығымен бекітілген
Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру тәртібін анықтайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) жылу өндіруші субъект – осы Заңға сәйкес жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

2 2) жылу тасымалдаушы субъект – осы Заңға сәйкес жылу энергиясын тасымалдау және (немесе) өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

3 3) жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жылу энергетикасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

4

4) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (бұдан әрі – уәкілетті органның ақпараттық жүйесі) – жылумен жабдықтау субъектілерінің уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы жылу энергетикасы саласындағы отын-энергетика кешенінің деректерін жинауға, өңдеуге, мониторингтеуге және талдауға арналған уәкілетті органның ақпараттық жүйесі.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2 2-тарау. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне деректерді беруді тәртібі

3

3. Жылумен жабдықтау субъектілері «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін Отын-энергетикалық кешенді басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында көзделген тәртіппен уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне қосылуды, сондай-ақ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, деректерді беруді қамтамасыз етеді.

4 4. Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған деректерге өндірістік процесте пайдаланылатын қоймалардағы отынның мөлшері, сондай-ақ жылу өндіруші субъектінің барлық технологиялық процестерінде пайдаланылатын судың көлемі туралы деректер жатады.

5

5. Осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған деректерге технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің бір бөлігі болып табылатын басқару мониторингі объектісі туралы ақпаратты жинау, өңдеу, көрсету және архивтеу жүйесінен алынатын негізгі технологиялық жабдықтың және басқа да қосалқы жүйелердің жай-күйі туралы деректер жатады.

6

6. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері шеңберінде жұмыс істейтін жылу өндіруші субъектілер уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне жылу өндіруші субъектілерді есепке алу тораптарында орнатылған жылу энергиясын есепке алу жүйелерінен деректерді үздіксіз қашықтықтан беруді мына үш модуль бойынша жүзеге асырады:

1 1) ресурстарды тұтыну (отын және су);

2 2) технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінен ( бұдан әрі – ТПБ АЖ) алынған деректер;

3 3) жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарынан алынған деректер бойынша беруді қамтамасыз етеді.

7 7. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері шеңберінде жұмыс істейтін жылу тасымалдаушы субъектілер осы Қағидалардың 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес деректерді беруді қамтамасыз етеді.

8 8. Жергілікті жылумен жабдықтау жүйелері шеңберінде жұмыс істейтін жылу өндіруші субъектілер осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес деректерді беруді қамтамасыз етеді.

9

9. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері шеңберінде жұмыс істейтін жылу тасымалдаушы субъектілер уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне жылу тасымалдаушы субъектілердің есепке алу тораптарында орнатылған жылу энергиясын есепке алу жүйелерінен деректерді үздіксіз қашықтықтан беруді жүзеге асырады.

10 10. Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес айқындалған коммерциялық есепке алу аспаптарынан беруге жататын деректер:

1 1) қысым;

2 2) температура;

3 3) жылу қуаты (Гкал/сағ);

4 4) жылу энергиясының көлемі, Гкал.

11 11. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген деректер жинақталады және нақты уақыт режимінде, сондай-ақ сағат, тәулік, ай бөлінісінде уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне беріледі.

12 12. Жылу энергиясын есепке алу жүйелерінің деректерін уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне қашықтықтан беру арнасы:

1 1) RS-485/RS-232* бірізді интерфейсін;

2 2) «GSM» (Ұялы байланыстың жаҺандық жүйесі) типті сымсыз байланыс стандартын пайдалану жолымен құрылады.

Ескертпе: * RS-232 және RS-485 цифрлық деректерді беруге арналған бірізді интерфейстер. Бұл интерфейстер өлшеу, есептеу және орнату параметрлеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. RTU ModBus протоколын қолдайды. RS-232 және RS-485 интерфейстері бойынша алмасу жылдамдағы, сондай-ақ байланыс параметрлері бағдарламалық түрде орнатылады.

Қолданыстағы