Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в Сарканском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в Сарканском районе
- Атауы (қаз.)
- Сарқан ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 10.01.2025
- Көрсетілген редакция
- 10.01.2025 I206544_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25IJ026819
- ЭКБ идентификаторы
- 206544
- Редакция идентификаторы
- I206544_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:22
0 Сарқан ауданында стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сарқан ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2
2. Сарқан ауданы әкімдігінің «Сарқан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 325 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 186630 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарқан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 2025 жылғы 10 қаңтардағы
№ 7 қаулысына қосымша
Сарқан ауданында стационарлық емес
сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Стационарлық емес сауда
объектілерін орналастыру орындары
Алып жатқан аланы, шаршы метр
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
Қызмет саласы
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл
1
Сарқан ауданы, Сарқан қаласы,
К. Буашев көшесі мен А. Пушкин көшесінің қиылысында
180
«Сайман» дүкені
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау
5
2
Сарқан ауданы, Сарқан қаласы,
М. Әуезов көшесі мен А. Пушкин көшесінің қиылысында
139
«Ет павильоны»
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау
5
3
Сарқан ауданы, Сарқан қаласы,
М. Әуезов көшесі мен А. Пушкин көшесінің қиылысында
346
«Ет павильоны»
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау
5
4
Сарқан ауданы,
Қойлық ауылы, Макетов көшесі № 166 үйге қарама-қарсы
100
«Ақнұр» дүкені
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау
5
5
Сарқан ауданы,
Қойлық ауылы, Макетов көшесі № 166 үйге қарама-қарсы
175
«Ақнұр» дүкені
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау
5