Құжат мәтініне өту

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Кокпектинском районе

Өзге акт · № 23-13/2 · қабылданған 27.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-206621/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Кокпектинском районе Қолданыста Өзге акт ·№ 23-13/2 ·27.12.2024
27.12.2024 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Кокпектинском районе

Қолданыста Өзге акт ·№ 23-13/2 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Кокпектинском районе
Атауы (қаз.)
Көкпекті ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
23-13/2
Қабылданған күні
27.12.2024
Көрсетілген редакция
27.12.2024 206621_740424.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24FJ041218
ЭКБ идентификаторы
206621
Редакция идентификаторы
206621_740424
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:47

0 Көкпекті ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Көкпекті ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері айқындалсын.

2 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихатының кейбір шешімдері күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Көкпекті ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері

Көкпекті аудандық мәслихатының
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 23-13/2 шешіміне
1 - қосымша
Көкпекті ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Көкпекті ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Жеке жоспар бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) «Абай облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.

3

3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата–ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата–анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5

5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6

6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) немесе «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-Портал) арқылы «Абай облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса осы шығындарды өтеу қағидаларының 1- немесе 2 – қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін Мемлекеттік корпорациясы немесе Портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы шығындарды өтеу қағидаларының 2–қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

7 7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын мүгедектігі бар әрбір балаға 10 (он) айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері Шығындарды өтеу қағидаларының 3 – қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

13 Көкпекті аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Көкпекті аудандық мәслихатының
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 23-13/2 шешіміне
2 - қосымша
Көкпекті аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1

1. Көкпекті аудандық мәслихатының «Көкпекті ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 16-5/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27667 болып тіркелген) шешімі.

2

2. Көкпекті аудандық мәслихатының «Көкпекті аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 16-5/2 «Көкпекті ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 6 қазандағы № 24-5/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30156 болып тіркелген) шешімі.

3

3. Көкпекті аудандық мәслихатының «Көкпекті аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 16-5/2 «Көкпекті ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 11 тамыздағы № 5-3/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 108-18 болып тіркелген) шешімі.

Қолданыстағы