Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории Костанайской области

Қаулы · № 3 · қабылданған 14.01.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-206638/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории Костанайской области Қолданыста Қаулы ·№ 3 ·14.01.2025
14.01.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории Костанайской области

Қолданыста Қаулы ·№ 3 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
14.01.2025
Көрсетілген редакция
14.01.2025 206638_741239.kaz
Соңғы өзгеріс
14.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25N1036010
ЭКБ идентификаторы
206638
Редакция идентификаторы
206638_741239
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:22

0 Қостанай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы

«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі бекітілсін.

2

2. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» 2022 жылғы 8 ақпандағы № 51 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26760 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

8 Қостанай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі

Қостанай
облысы әкімдігінің
2025 жылғы 14 қаңтардағы
№ 3
қаулысымен
бекітілген
Қостанай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі

1

1. Осы Қостанай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (бұдан әрі –Әдістеме) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қостанай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

2

2. Қостанай облысы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының көрсетілетін қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.
Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағаны жергілікті атқарушы орган дербес айқындайды.

3 3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

1 1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттерде көрсетілетін қызметтің құны;
Bn – газетте орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V – газетте орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;

2 2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдарда көрсетілетін қызметтің құны;
Bm – журналда орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;
V – журналда орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.

4 4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден астам – 1,4.

5 5. Телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – телевидениеде орналастырылатын, секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі
Егер Қостанай облысы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевидениеде көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевидениеде көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

6 Қостанай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасы

6. Радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада орналастырылатын, көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.
Қостанай
облысының аумағында
мемлекеттік ақпараттық
саясатты жүргізу жөніндегі
мемлекеттік тапсырысты
жүзеге асыру үшін сатып
алынатын көрсетілетін
қызметтердің құнын
айқындау әдістемесіне
қосымша
Қостанай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасы

Қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
2025 жыл (теңге)
2026 жыл (теңге)
2027 және кейінгі жылдар (теңге)
1
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn)
см2
1320
1380
1449
2
Қостанай облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn)
см2
260
272
286
3
Интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вi)
символ
170
178
187
4
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевидениеде көрсетілетін қызмет (сюжеттерді шығару және орналастыру) (Вtv)
минут
350000
365750
384038
5
Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Қостанай облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (сюжеттерді шығару және орналастыру) (Вtv)
минут
38984
40739
42776
6
Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Қостанай облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (телебағдарламаларды шығару және орналастыру) (Вtv)
минут
25054
26182
27492
7
Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Қостанай облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (балалар телебағдарламаларын шығару және орналастыру) (Вtv)
минут
25234
26370
27689
8
Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Қостанай облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (білім беру телебағдарламаларын шығару және орналастыру) (Вtv)
минут
28164
29432
30904
9
Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Қостанай облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді орналастыру) (Вtv)
минут
19709
20596
21626
10
Рудный қаласының аумағында міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді телеарналардың тізбесіне кірмейтін телевидениеде көрсетілетін қызмет (сюжеттерді дайындау және орналастыру) (Вtv)
минут
12150
12697
13332
11
Рудный қаласының аумағында міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді телеарналардың тізбесіне кірмейтін телевидениеде көрсетілетін қызмет (телебағдарламаларын өндіру және орналастыру) (Вtv)
минут
9100
9510
9986
12
Рудный қаласының аумағында міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді телеарналардың тізбесіне кірмейтін телевидениеде көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді орналастыру) (Вtv)
минут
8064
8427
8849
13
Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Арқалық қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (сюжеттерді дайындау және орналастыру) (Вtv)
минут
4000
4180
4389
14
Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Арқалық қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (телебағдарламаларын шығару және орналастыру). (Вtv)
минут
4000
4180
4389
15
Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Арқалық қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді орналастыру) (Вtv)
минут
4000
4180
4389
16
Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Лисаков қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде қызмет көрсету (сюжеттерді дайындау және орналастыру) (Вtv)
минут
4000
4180
4389
17
Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Лисаков қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениеде қызмет көрсету (телебағдарламаларын шығару және орналастыру) (Вtv)
минут
4000
4180
4389
18
Жітіқара ауданының аумағында міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді телеарналардың тізбесіне кірмейтін телевидениеде көрсетілетін қызмет (сюжеттерді дайындау және орналастыру) (Вtv)
минут
2100
2195
2305
19
Қостанай облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (радиобағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)
минут
5200
5434
5706
20
Қостанай облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (сюжеттерді дайындау және орналастыру) (Br)
минут
10200
10659
11192
21
Қостанай облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (аудиороликтарды дайындау және орналастыру) (Br)
минут
10200
10659
11192
22
Қостанай қаласының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Br)
минут
567
593
623
23
Рудный қаласының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (сюжеттерді дайындау және орналастыру) (Br)
минут
750
784
824
24
Рудный қаласының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (радиобағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)
минут
1168
1221
1282
25
Рудный қаласының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (аудиороликтарды дайындау және орналастыру) (Br)
минут
1168
1221
1282
26
Лисаков қаласының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Br)
минут
1704
1781
1870
27
Жітіқара ауданының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Br)
минут
1500
1568
1647

Қолданыстағы