Құжат мәтініне өту

Об определении Порядка установления и условий выплаты стимулирующей надбавки к должностному окладу работников организаций Кайранкольского сельского округа Жамбылского района Северо-Казахстанской области финансируемых из местного бюджета

Өзге акт · № 25 · қабылданған 26.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-206750/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об определении Порядка установления и условий выплаты стимулирующей надбавки к должностному окладу работников организаций Кайранкольского сельского округа Жамбылского района Северо-Казахстанской области финансируемых из местного бюджета Қолданыста Өзге акт ·№ 25 ·26.12.2024
07.02.2025 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении Порядка установления и условий выплаты стимулирующей надбавки к должностному окладу работников организаций Кайранкольского сельского округа Жамбылского района Северо-Казахстанской области финансируемых из местного бюджета

Қолданыста Өзге акт ·№ 25 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении Порядка установления и условий выплаты стимулирующей надбавки к должностному окладу работников организаций Кайранкольского сельского округа Жамбылского района Северо-Казахстанской области финансируемых из местного бюджета
Атауы (қаз.)
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі ұйымының жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын төлеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
25
Қабылданған күні
26.12.2024
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2025
Көрсетілген редакция
07.02.2025 206750_748259.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24SGG0025B
ЭКБ идентификаторы
206750
Редакция идентификаторы
206750_748259
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 07:02

0 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі ұйымының жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын төлеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі ұйымының жұмыскерлерінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын лауазымдық айлықтарына ынталандыру үстемеақыларын төлеу тәртібі мен шарттары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округінің бас маман-бухгалтерге жүктелсін.

3 3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі ұйымының жұмыскерлерінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын лауазымдық айлықтарына ынталандыру үстемеақылар белгілеу тәртібі мен төлеу шарттары

Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы Қайранкөл
ауылдық округі әкімінің
2024 жылғы желтоқсандағы «26»
№ 25 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі ұйымының жұмыскерлерінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын лауазымдық айлықтарына ынталандыру үстемеақылар белгілеу тәртібі мен төлеу шарттары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі ұйымының (бұдан әрі-ұйым) жұмыскерлерінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеу тәртібі мен төлеу шарттары (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылар) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасы негізінде әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымының жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеу тәртібі мен төлеу шарттарын айқындайды

2 2 тарау. Ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі

2

2. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі ұйымының жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеу тәртібі мен төлеу шарттарын талқылағаннан кейін 2015 жылғы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің бюджет қаражатының қосымша қажеттілігін қалыптастырады және оны «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарау үшін ұсынады.

3

3. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі ұйымының жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар төлеуге аудандық бюджет комиссиясының қарауына қосымша қажеттілік шығарады.

4 4. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі ұйымы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақы төлеуге бюджет қаражаты бөлінген кезде ауылдық округ әкімі ынталандырушы үстемеақы төлеу туралы шешім қабылдайды.

3 3-тарау. Ынталандыру үстемеақы төлеу шарттары

5 5. Ынталандыру үстемеақылар қызметкерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.

6 6. Ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген материалдық көмектің және ынталандыру төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.

7

7. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың төленген түрлерін тоқтату үшін негіз болып табылмайды (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемеақылар, үстеме жұмыс және басқалар).

8

8. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы өзгерген жағдайда ынталандыру үстемеақылар қайта қаралады.

9 9. Еңбек шартында көрсетілген нормалар қызметкерлердің лауазымдық жалақысына ынталандырушы үстемеақыны белгілеу үшін негіз болып табылады:

1 1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;

2 2) болашақта ұйымның қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты, күтпеген жұмыстарды шұғыл және алдын-ала орындау.

10 10. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақы қызметкерлерге белгіленбейді:

1 1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;

2 2) ұйымда бір айдан аз жұмыс істегендерге;

3 3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;

4 4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;

5 5) еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;

6 6) оқу демалысы кезеңінде;

7 7) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;

8 8) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;

9 9) қызметкерді материалдық жауапкершілікке тарту кезеңінде;

10 10) қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде.

11 11. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі ұйымының жұмыскерлерінің лауазымдық айлықтарына ынталандыру үстемеақылар төлеуді қаржыландыру көзі жергілікті бюджет болып табылады.

12 12. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі ұйымының жұмыскерлерінің лауазымдық айлықтарына ынталандыру үстемелері Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімі бойынша белгіленеді.

Қолданыстағы