Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования в электронном виде на портале социальных услуг реестра специалистов, оказывающих специальные социальные услуги

Бұйрық · № 21 · қабылданған 23.01.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-206782/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования в электронном виде на портале социальных услуг реестра специалистов, оказывающих специальные социальные услуги Қолданыста Бұйрық ·№ 21 ·23.01.2025
23.01.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования в электронном виде на портале социальных услуг реестра специалистов, оказывающих специальные социальные услуги

Қолданыста Бұйрық ·№ 21 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования в электронном виде на портале социальных услуг реестра специалистов, оказывающих специальные социальные услуги
Атауы (қаз.)
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
21
Қабылданған күні
23.01.2025
Көрсетілген редакция
23.01.2025 206782_742070.kaz
Соңғы өзгеріс
23.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035671
ЭКБ идентификаторы
206782
Редакция идентификаторы
206782_742070
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:18

0 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 136-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

0 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі 2025 жылғы
23 қаңтардағы № 21
бұйрығына қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 136-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін (бұдан әрі – мамандар тізілім) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі – әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың электрондық тізімі;

2

2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыспен қамтылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші);

3 3) әкімші – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

4 4) әлеуметтік жұмыскер – арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар жұмыскер;

5

5) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы – Әлеуметтік кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;

6 6) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2 2-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру тәртібі

3 3. Мамандардың тізілімі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында қалыптастырылады.

4 4. Мамандар тізілімін қалыптастыру қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

5 5. Мамандар тізілімі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар мен мамандардың келісімімен жалпыға қолжетімді болып табылады.

6 6. Мамандар тізілімі әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге өтініш білдірген өтініш берушілердің өтініштері негізінде қалыптастырылады.

7 7. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандар Мамандар тізіліміне енгізуге үміткерлер болып табылады.

8 8. Мамандар тізіліміне енгізу үшін өтініш берушінің ұялы телефон нөмірін немесе электрондық пошта мекенжайын пайдалана отырып, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеледі.

9 9. Әкімші өтініш түскен күннен кейін бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1 1) өтінішті тіркейді;

2 2) өтініш берушіге мынадай себепті көрсете отырып, қайта қарау үшін хабарлама жібереді:

кәсіп атауының сәйкес келмеуі;
біліктілік санаты туралы жалған ақпарат беру;
толық емес құжаттар топтамасын ұсыну және (немесе) олардың қолданылу мерзімінің өтуі;
еңбек қызметі (лауазымы мен штаттық лауазымы) бойынша мәліметтердің сәйкес келмеуі;

3 3) өтініш берушіге мынадай себепті көрсете отырып, бас тарту туралы хабарлама жібереді:

соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес әлеуметтік жұмыскердің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылу;
өтініш берушіге медициналық қызметпен айналысуға (мәлімделген мамандық бойынша) тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
сот өтініш берушіні әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану;
тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу.

10 10. Өтінішті қайтару нәтижелері бойынша өтініш беруші хабарламаны алғаннан кейін осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген себептерді жояды.

1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2025 жылғы 23 қаңтардағы
№ 21 Қағидаларға
қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі
ма­ман­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
ту­ған кү­ні
бай­ла­ныс де­ректе­рі (ұя­лы те­ле­фон, элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы)
тұр­ғы­лық­ты ме­кен­жайы (об­лыс, ел­ді ме­кен, тір­кел­ген ме­кен­жайы)
кә­сіп ата­уы
ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы жұ­мыс өті­лі
бі­лі­мі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (бі­лім дең­гейі, оқу ор­ны­ның ата­уы, ба­ста­лу кү­ні, аяқ­та­лу кү­ні, бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат)
ең­бек қыз­ме­ті жө­нін­де­гі мә­лі­мет­тер (ұй­ым­ның ата­уы, БСН, ла­у­а­зы­мы, жұ­мыс ба­стал­ған кү­ні, аяқ­тал­ған кү­ні)
бі­лік­ті­лік са­на­тын бе­ру ту­ра­лы ақ­па­рат (бі­лік­ті­лік са­на­ты, бі­лік­ті­лік са­на­тын бе­ру кү­ні, ат­те­стат­тау ко­мис­си­я­сы­ның де­ректе­рі (уәкі­лет­ті ор­ган­ның ата­уы)
ті­зі­лім­ге ен­гі­зі­л­ген кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Қолданыстағы