Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах вывоза картофеля с территории Республики Казахстан

Бұйрық · № 26 · қабылданған 27.01.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-206795/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О некоторых вопросах вывоза картофеля с территории Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 26 ·27.01.2025
27.01.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах вывоза картофеля с территории Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 26 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах вывоза картофеля с территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағынан картопты әкетудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
26
Қабылданған күні
27.01.2025
Көрсетілген редакция
27.01.2025 206795_766017.kaz
Соңғы өзгеріс
27.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035679
ЭКБ идентификаторы
206795
Редакция идентификаторы
206795_766017
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:17

0 Қазақстан Республикасының аумағынан картопты әкетудің кейбір мәселелері туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан барлық көлік түрлерімен жаңа піскен немесе салқындатылған картопты (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 0701) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы