Құжат мәтініне өту

Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории Мангистауской области

Қаулы · № 18 · қабылданған 24.01.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-206897/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории Мангистауской области Қолданыста Қаулы ·№ 18 ·24.01.2025
15.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории Мангистауской области

Қолданыста Қаулы ·№ 18 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории Мангистауской области
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18
Қабылданған күні
24.01.2025
Қолданысқа енгізілген күні
24.01.2025
Көрсетілген редакция
15.07.2025 206897_766741.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25M0476312
ЭКБ идентификаторы
206897
Редакция идентификаторы
206897_766741
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:18

0 Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 болып тіркелген) сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1.Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

2 2.Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2025 жылғы 24 қаңтардағы
№ 18 қаулысына қосымша
Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

1

1. Осы Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Маңғыстау облысының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

2

2. Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдарының көрсетілетін қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.
Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағаны жергілікті атқарушы орган дербес айқындайды.
Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағалары осы Әдістеменің қосымшасында айқындалған.

3 3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

1 1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттерде көрсетілетін қызметтің құны;
Bn – газетте орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V – газетте орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;

2 2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдарда көрсетілетін қызметтің құны;
Bm – журналда орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;
V – журналда орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.

4 4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден астам – 1,4.

5 5. Телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – телевидениеде орналастырылатын, секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі.
Егер Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевидениеде көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевидениеде көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

6 6. Радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада орналастырылатын, көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

13 Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағалары

Маңғыстау облысының
аумағында мемлекеттік
ақпараттық саясатты жүргізу
жөніндегі мемлекеттік тапсырысты
жүзеге асыру үшін сатып алынатын
қызметтердің құнын айқындау
Әдістемесіне қосымша
Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағалары

Қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
2025 жылға базалық баға, қосымша құн салығымен бірге (теңге)
2026 жылға базалық баға, қосымша құн салығымен бірге (теңге)
2027 жылға базалық баға, қосымша құн салығымен бірге (теңге)
1
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру (Bn)
шаршы сантиметр
957
1005
1055
2
Маңғыстау облысының аумағында таратылатын облыстық мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру (Bn)
шаршы сантиметр
254
267
280
3
Маңғыстау облысының аумағында таратылатын қалалық және аудандық мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру (Bn)
шаршы сантиметр
185
194
204
4
Республикалық маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру (Bi)
символ
212
223
234
5
Өңірлік маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру (Bi)
символ
49
51
53
6
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын телевидениеде сюжетті өндіру және орналастыру (Btv)
минут
503 767
528 955
555 403
7
Маңғыстау облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын телевидениеде сюжетті өндіру және орналастыру (Btv)
минут
80 000
84 000
88 200
8
Маңғыстау облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын телевидениеде ақпараттық-талдамалық бағдарламаларды өндіру және орналастыру (Btv)
минут
50 000
52 500
55 125
9
Маңғыстау облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын телевидениеде бейнероликті өндіру және орналастыру (Btv)
секунд
5 300
5 565
5 843
10
Жаңаөзен қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын телевидениеде сюжетті өндіру және орналастыру (Btv)
минут
80 000
84 000
88 200
11
Жаңаөзен қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын телевидениеде ақпараттық-талдамалық бағдарламаларды өндіру және орналастыру (Btv)
минут
50 000
52 500
55 125
12
Жаңаөзен қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын телевидениеде бейнероликті өндіру және орналастыру (Btv)
секунд
5 300
5 565
5 843
13
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын радиоарнада ақпараттық бағдарламаларды және аудиороликтерді өндіру және орналастыру (Br)
секунд
272
286
300
14
Маңғыстау облысының аумағында таратылатын радиоарнада ақпараттық бағдарламаларды және аудиороликтерді өндіру және орналастыру (Br)
секунд
50
52
55

Қолданыстағы