О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 775
- Қабылданған күні
- 04.02.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 04.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2025 206958_744196.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2500000775
- ЭКБ идентификаторы
- 206958
- Редакция идентификаторы
- 206958_744196
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:14
0 Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 4 ақпандағы
№ 775 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1 1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
14-тармақтың 2) тармақшасының отыз екінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы отыз үшінші абзацпен толықтырылсын:
қызмет бабында пайдалану үшін;
15-тармақта:
169) және 170) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«169) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі практикалық іс-шараларды жүргізудің нормаларын және әдістемелерін әзірлеу және бекіту;
170) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды өткізу тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 351-1) тармақшамен толықтырылсын:
«351-1) қызмет бабында пайдалану үшін;».
2 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережеде:
14-тармақтың 71) тармақшасы алып тасталсын.
3 3. Құпия.
_________________________________