Құжат мәтініне өту

Об использовании участка автомобильной дороги общего пользования республиканского значения Костанай – граница Российской Федерации (на Троицк) на платной основе

Бұйрық · № 40 · қабылданған 07.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-206995/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об использовании участка автомобильной дороги общего пользования республиканского значения Костанай – граница Российской Федерации (на Троицк) на платной основе Қолданыста Бұйрық ·№ 40 ·07.02.2025
07.02.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об использовании участка автомобильной дороги общего пользования республиканского значения Костанай – граница Российской Федерации (на Троицк) на платной основе

Қолданыста Бұйрық ·№ 40 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об использовании участка автомобильной дороги общего пользования республиканского значения Костанай – граница Российской Федерации (на Троицк) на платной основе
Атауы (қаз.)
Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қостанай-Ресей Федерациясының шекарасы (Троицкке) учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
40
Қабылданған күні
07.02.2025
Көрсетілген редакция
07.02.2025 206995_749634.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035714
ЭКБ идентификаторы
206995
Редакция идентификаторы
206995_749634
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:11

0 Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қостанай-Ресей Федерациясының шекарасы (Троицкке) учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1) II және III санаттағы Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицкке) 539+000 – 376+000 километр (бұдан әрі – км) (М-36) учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;
2) жүріп өту келесі баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: «Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы «Республикалық маңызы бар автомобиль жолының» Қостанай – Рудный – Айет – Ресей Федерациясының шекарасы» аудандық маңызы бар автомобиль жолы;
3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті –539+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті –376+000 км;
4) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – II және III санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені – кемінде 3,5 метр;
автомобиль жолындағы қозғалыс жолақтың саны – 2 және 1 екі бағытта жолақ;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 163 км;
7) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері айқындалады;
8) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

1 ҚР Көлік министрінің

міндетін атқарушы
2025 жылғы 7 ақпандағы
№ 40
Бұйрығына 1-қосымша
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылыстарының және басқа автомобиль жолдарымен түйісулерінің тізбесі
Қиылыстар мен түйісулер мекенжайы км + м
Көзделген қиылысу мен түйісу бойынша елді мекендердің атауы
Қостанай ауданы
539- (1946) км
Қостанай қаласы
535 км
Арман кенті
526 км
Майкөл кенті
522 км
Шеминовское кенті
512-(1983) км
Озерный кенті
509 км
Московский кенті
Федоров ауданы
496 км
Воронежское кенті
486 км
Өспен кенті
468 км
Жаркөл кенті
464-468 (2031) км
Федоровка кенті
465 км
Александрополь кенті
452 км
Кравцово кенті
442-444 (2051) км
Пешковка кенті
Қарабалық ауданы
424 км
Тоғызақ кенті
422 км
Бөрлі кенті
417-419 (2076) км
Қарабалық кенті
398 км
Приуральское кенті
398-401 км
Станционное кенті
398 км
Фадеевка кенті
381 км
Подгородка кенті
380 км
Магнай кенті
374 км
«Қайрақ» өткізу пункті
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
км – километр;
м – метр.

2 Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері

Бұйрығына 2-қосымша
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
II, III санаттағы Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицкке) 376+000 км –539+000 км учаскесі:
АЕК:
р/с №
Ай­мақ­тар
16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 т дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі
32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 т дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі
32 орын­нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 т дей­ін ав­то­пой­ы­здар
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 т жо­ға­ры 15 т дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 т жо­ға­ры жүк ав­то­мо­биль­де­рі, оның ішін­де тір­ке­ме­ле­рі бар ер­шік­ті тарт­қы­штар
Кей­ін­гі тө­лем
Ал­дын ала тө­лем
Кей­ін­гі тө­лем
Ал­дын ала тө­лем
Кей­ін­гі тө­лем
Ал­дын ала тө­лем
Кей­ін­гі тө­лем
Ал­дын ала тө­лем
Кей­ін­гі тө­лем
Ал­дын ала тө­лем
1
500+396 км –539+000 км (38 км 604 метр)
0,0718
0,0609
0,1456
0,1238
0,2175
0,1847
0,2906
0,2470
0,3631
0,3086
2
463+610– 500+396 км (36 км 786 метр)
0,0685
0,0581
0,1388
0,1180
0,2072
0,1760
0,2769
0,2353
0,3460
0,2940
3
423+610 – 463+610 км (40 км)
0,0744
0,0631
0,1509
0,1283
0,2253
0,1914
0,3011
0,2559
0,3762
0,3197
4
376+000 – 423+610 км (47 км 610 метр)
0,0886
0,0752
0,1796
0,1527
0,2682
0,2278
0,3584
0,3046
0,4478
0,3805
5
Бір ба­ғыт та­ғы бар лық марш­рут бой­ын­ша жиы­ны 163 км
0,3034
0,2573
0,6148
0,5228
0,9182
0,7801
1,2270
1,0428
1,5330
1,3028
1) абоненттік төлем – автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы, ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жергілікті автокөлік құралдары үшін белгілі бір уақыт кезеңіне абонемент түрінде бір ауданнан тыс жерде бір айға немесе бір жылға ауысқан кезде;
2) абоненттік төлем жергілікті көлік үшін көлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне қарай белгіленеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т(бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері
32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопойыздар
Жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері
Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар
1
3
4
5
6
7
Абоненттік төлемнің құны
1 АЕК
2 АЕК
3 АЕК
4 АЕК
5 АЕК
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері
32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопоездар
Жүк көтергіштігі 10 жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері
Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар
1
3
4
5
6
7
Абоненттік төлемнің құны
12 АЕК
24 АЕК
36 АЕК
48 АЕК
60 АЕК
3) аймақ – жүк көтергіштігі мен көлік құралының түріне байланысты өзінің ұзақтығы мен жол ақысының белгілі бір мөлшері бар ақылы учаскенің жол сегменті;
4) алдын ала төлеу – ақылы учаскеге кіргенге дейін пайдаланушы дербес шотқа және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті;
5) жергілікті автокөлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде ақылы учаскесіне іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралы.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш;
км – километр;
м – метр;
т – тонна.

3 Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі

Бұйрығына 3-қосымша
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с

Елді мекеннің атауы
Қостанай ауданы
1
Қостанай қаласы
2
Арман кенті
3
Озерное кенті
Федоров ауданы
4
Воронежский кенті
5
Успеновка кенті
6
Федоровка кенті
7
Александрополь кенті
8
Кравцово кенті
9
Пешковка кенті
10
Тельмановка кенті
Қарабалық ауданы
11
Бөрлі Тоғызақ кенті
12
Гурьяновка кенті
13
Веренка кенті
14
Қарабалық кенті
15
Надеждинка
16
Веселый кут кенті
17
Приуральский кенті
18
Станционный кенті
19
Қайрақ кенті
20
Магнай кенті

Қолданыстағы