Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 220 · қабылданған 05.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-206997/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 220 ·05.02.2025
05.02.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 220 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
220
Қабылданған күні
05.02.2025
Көрсетілген редакция
05.02.2025 206997_744577.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25NA00220A
ЭКБ идентификаторы
206997
Редакция идентификаторы
206997_744577
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:13

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 563, № 564 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан мына мекенжай бойынша орналасқан жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

Қостанай қаласы, Костанайская көшесі, 1 ауданында, жылумен жабдықтау желісіне қызмет көрсету үшін, жалпы алаңы 0,0158 гектар;
Қостанай қаласы, Фабричная көшесі, 4 ауданында, су бұру желісіне қызмет көрсету үшін, жалпы алаңы 0,0346 гектар.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы