Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения реестра производителей органической продукции

Бұйрық · № 38 · қабылданған 07.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-207011/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения реестра производителей органической продукции Қолданыста Бұйрық ·№ 38 ·07.02.2025
07.02.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения реестра производителей органической продукции

Қолданыста Бұйрық ·№ 38 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения реестра производителей органической продукции
Атауы (қаз.)
Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
38
Қабылданған күні
07.02.2025
Көрсетілген редакция
07.02.2025 207011_743474.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035718
ЭКБ идентификаторы
207011
Редакция идентификаторы
207011_743474
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:11

0 Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 351) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

1 Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 7 ақпандағы
№ 38 бұйрығымен бекітілген
Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 351) тармақшасына сәйкес әзірленді және органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – тізілім).

2 2. Тізілімді жүргізудің мақсаты органикалық өнім өндірушілер туралы деректерді есепке алу және жүйелеу болып табылады.

2 2-тарау. Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу тәртібі

3 3. Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жүргізеді.

4

4. Сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификатын берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұрған немесе күшін жойған (тоқтатқан) жағдайларда уәкілетті органға органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау нәтижелері туралы немесе сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұру туралы немесе күшін жою туралы (тоқтату туралы) ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) жібереді.
Ақпарат уәкілетті органның www.gov.kz ресми интернет-ресурсында көрсетілген электрондық мекенжайға электрондық түрде ұсынылады.

5

5. Органикалық өнім өндіру саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше сәйкестікті растау жөніндегі органдар ұсынатын ақпарат негізінде тізілімді өзектендіреді және оның ақпарат келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органның www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді.

15 Органикалық өнім өндірушілердің тізілімі

Органикалық өнім өндірушілердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
қосымша
Нысан
Органикалық өнім өндірушілердің тізілімі
Р/с №
Сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­ты­ның бе­рі­л­ген кү­ні, тір­кеу нө­мі­рі және қол­да­ны­лу мер­зі­мі
Өн­ді­ру­ші
Нақ­ты ор­на­лас­қан же­рі
Ор­га­ни­ка­лық өнім ре­т­ін­де өн­ді­рі­ле­тін және (неме­се) өт­кі­зі­ле­тін өнім са­на­ты
Сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­тын бер­ген сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­ның ата­уы және ме­кен­жайы
Сәй­кест­і­гіне сер­ти­фи­кат­тау жүр­гі­зі­л­ген құ­жат­тың ата­уы
Ті­зі­лім­ге ен­гі­зі­л­ген кү­ні
Сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­тын тоқ­та­ту ту­ра­лы ақ­па­рат
1
2
3
4
5
6
7
8
9

Қолданыстағы