О расширении перечня и категорий получателей услуг инватакси
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О расширении перечня и категорий получателей услуг инватакси
- Атауы (қаз.)
- Инватакси қызметін алушылардың тізбесі мен санаттарын кеңейту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 140
- Қабылданған күні
- 06.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2025 207022_759241.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25SA785815
- ЭКБ идентификаторы
- 207022
- Редакция идентификаторы
- 207022_759241
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:13
0 Инватакси қызметін алушылардың
тізбесі мен санаттарын кеңейту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 18-бабы 22-тармағына, «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі мына объектілер мен белгіленген пункттермен кеңейтілсін:
психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер;
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері;
медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету бөлімдері;
қосымша білім беру объектілері;
мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсететін ұйымдар.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында инватакси қызметін алушылар санаттары мына тұлғалар санатымен кеңейтілсін:
бірінші, екінші топ мүгедектігі бар адамдар;
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың барлық топтары.