Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 15 · қабылданған 30.01.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-207038/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 15 ·30.01.2025
30.01.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 15 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
15
Қабылданған күні
30.01.2025
Көрсетілген редакция
30.01.2025 207038_744649.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25NJ00015A
ЭКБ идентификаторы
207038
Редакция идентификаторы
207038_744649
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:15

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1-бабына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Комаровское тау-кен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау операцияларын жүргізу үшін Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 13,0 гектар жер учаскелеріне 1 жыл мерзіміне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы