Құжат мәтініне өту

Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории Актюбинской области

Қаулы · № 17 · қабылданған 06.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-207049/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории Актюбинской области Қолданыста Қаулы ·№ 17 ·06.02.2025
06.02.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории Актюбинской области

Қолданыста Қаулы ·№ 17 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории Актюбинской области
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
17
Қабылданған күні
06.02.2025
Көрсетілген редакция
06.02.2025 207049_743908.kaz
Соңғы өзгеріс
06.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25C0868104
ЭКБ идентификаторы
207049
Редакция идентификаторы
207049_743908
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:13

0 Ақтөбе облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

2 2. «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

5 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2025 жылғы 6 ақпандағы
№ 17 қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

1

1. Осы Ақтөбе облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

2

2. Ақтөбе облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі - қызмет) бұқаралық ақпарат құралдарының көрсетілетін қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.
Қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағасы осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес айқындалады.

3 3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

1 1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pn (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;
Bn - газетте орналастырылатын, бір шаршы сантиметр көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V - газетте орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq - газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін - 1,3;
100 000 данаға дейін - 1,15;
50 000 данаға дейін - 1;
30 000 данаға дейін - 0,9;
20 000 данаға дейін - 0,8;
10 000 данаға дейін - 0,65;
5 000 данаға дейін - 0,5;

2 2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pm (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;
Bm - журналда орналастырылатын, бір шаршы сантиметр көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V - журналда орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq - журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін - 1,2;
10 000 данаға дейін - 1,1;
8 000 данаға дейін - 1;
5 000 данаға дейін - 0,9;
3 000 данаға дейін - 0,8;
1 000 данаға дейін - 0,7.

4 4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pi (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;
Bi - интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;
V - интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің таңбалармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq - бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін - 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін - 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін - 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін - 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден астам болса - 1,4.

5 5. Телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Ptv (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны;
Btv - телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының, сериясының базалық бағасы;
V - телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.
Егер Ақтөбе облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевидениеде көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевидениеде көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

6 6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pr (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;
Br - радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;
V - радиоарнада орналастырылатын, көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

14 Ақтөбе облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау Әдістемесіне қосымша

Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында
мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағалары

Қыз­мет­тің ата­уы
Өл­шем
бір­лі­гі
2025 жыл
(тең­ге)
2026 жыл
(тең­ге)
2027 және
одан кей­ін­гі
жыл­дар
(тең­ге)
1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лым­да­рын­да­ғы (га­зет) қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Bn)
шар­шы сан­ти­метр
900
945
992
2
Ақ­тө­бе об­лы­сы ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лым­да­рын­да­ғы (га­зет) қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Bn)
шар­шы сан­ти­метр
400
420
441
3
Ақ­тө­бе об­лы­сы ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лым­да­рын­да­ғы (жур­нал) қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Bm)
шар­шы сан­ти­метр
400
420
441
4
Ин­тер­нет-ре­сур­с­та­ғы қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Bi)
таң­ба
200
210
220
5
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын мін­дет­ті те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ви­де­ни­е­де­гі қыз­мет (жа­ңа­лық­тар сю­жет­те­рін өн­ді­ру және ор­на­ла­сты­ру) (Btv)
ми­нут
500 000
525 000
551 250
6
Мін­дет­ті те­ле-, ра­дио­ар­на­лар тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ар­на­лар­ды қо­с­па­ған­да, Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту­дың ұлт­тық опе­ра­тор та­ра­та­тын ер­кін қол­же­тім­ді те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ви­де­ни­е­де­гі қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды, та­қы­рып­тық ха­бар­лар өн­ді­ру және ор­на­ла­сты­ру) (Btv)
ми­нут
24 000
25 200
26 460
7
Мін­дет­ті те­ле-, ра­дио­ар­на­лар тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ар­на­лар­ды қо­с­па­ған­да, Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту­дың ұлт­тық опе­ра­тор та­ра­та­тын ер­кін қол­же­тім­ді те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ви­де­ни­е­де­гі қыз­мет (жа­ңа­лық­тар сю­жет­те­рін өн­ді­ру және ор­на­ла­сты­ру) (Btv)
ми­нут
60 000
63 000
66 150
8
Мін­дет­ті те­ле-, ра­дио­ар­на­лар тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ар­на­лар­ды қо­с­па­ған­да, Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту­дың ұлт­тық опе­ра­тор та­ра­та­тын ер­кін қол­же­тім­ді те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ви­де­ни­е­де­гі қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды, де­ректі фильм­дер­ді, му­зы­ка­лық, ой­ын-са­уық бағ­дар­ла­ма­лар­ды өн­ді­ру және ор­на­ла­сты­ру) (Btv)
ми­нут
50 000
52 500
55 125
9
Мін­дет­ті те­ле-, ра­дио­ар­на­лар тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ар­на­лар­ды қо­с­па­ған­да, Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту­дың ұлт­тық опе­ра­тор та­ра­та­тын ер­кін қол­же­тім­ді те­ле-, ра­дио­ар­на­лар­дың тіз­бе­сіне кі­ре­тін те­ле­ви­де­ни­е­де­гі қыз­мет (бей­не­ро­лик­тер­ді өн­ді­ру және ор­на­ла­сты­ру) (Btv)
се­кунд
4 752
4 989
5 238
10
Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын ра­дио­ар­на­да­ғы қыз­мет (ақ­па­рат­тық бағ­дар­ла­ма­лар­ды өн­ді­ру және ор­на­ла­сты­ру) (Br)
ми­нут
10 500
11 025
11 576
11
Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын ра­дио­ар­на­да­ғы қыз­мет (аудио­ро­лик­тер­ді өн­ді­ру және ор­на­ла­сты­ру) (Br)
се­кунд
2 000
2100
2 205

Қолданыстағы