Құжат мәтініне өту

Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа на проведение государственной информационной политики на территории Жамбылской области

Қаулы · № 16 · қабылданған 21.01.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-207098/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа на проведение государственной информационной политики на территории Жамбылской области Қолданыста Қаулы ·№ 16 ·21.01.2025
21.01.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа на проведение государственной информационной политики на территории Жамбылской области

Қолданыста Қаулы ·№ 16 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа на проведение государственной информационной политики на территории Жамбылской области
Атауы (қаз.)
Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
16
Қабылданған күні
21.01.2025
Көрсетілген редакция
21.01.2025 207098_744111.kaz
Соңғы өзгеріс
21.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25G000016A
ЭКБ идентификаторы
207098
Редакция идентификаторы
207098_744111
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:19

0 Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жобаны ұсынушы:
Облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму
басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Қ. Өскембекова

7 Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі

Жамбыл облысы әкімдігінің
2025 жылғы «___» ________
№ ___ қаулысымен
бекітілген
Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі

1

1. Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

2

2. Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдарының көрсетілетін қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.
Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағаны жергілікті атқарушы орган дербес айқындайды.

3 3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

1 1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттерде көрсетілетін қызметтің құны;
Bn – газетте орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V – газетте орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;

2 2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдарда көрсетілетін қызметтің құны;
Bm – журналда орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;
V – журналда орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.

4 4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден астам – 1,4.

5 5. Телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – телевидениеде орналастырылатын, секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі.
Егер, Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевидениеде көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевидениеде көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

6 6. Радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада орналастырылатын, көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

16 Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасы

Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың Әдістемесіне
қосымша
Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасы

Қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
2025 жыл (теңге)
2026 жыл (теңге)
2027 және кейінгі жылдар (теңге)
1.
Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
450
472
495
2.
Жамбыл облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
220
231
242
3.
Жамбыл облысының Тараз қаласы мен аудандары аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn)
шаршы сантиметр
200
210
220
4.
Жамбыл облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bm)
шаршы сантиметр
330
346
363
5.
Республикалық маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi)
символ
134
140
147
6.
Республикалық маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (фоторепортаж, инфографика өндіру және орналастыру) (Bi)
дана
550
577
606
7.
Республикалық маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді өндіру және орналастыру) (Bi)
секунд
605
635
667
8.
Өңірлік маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi)
символ
34
36
38
9.
Өңірлік маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (фоторепортаж, инфографика өндіру және орналастыру) (Bi)
дана
2 000
2100
2 205
10.
Өңірлік маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді өндіру және орналастыру) (Bi)
секунд
400
420
441
11.
Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (жаңалық сюжет, ақпараттық-талдамалық, ток-шоу, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv)
минут
765 238
803 450
843 622
12.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық-талдамалық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv)
минут
50 000
52 500
55 125
13.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (жаңалық сюжеттерді өндіру және орналастыру) (Btv)
минут
57 000
59 850
62 842
14.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (білім беру бағдарламаларын өндіру және орналастыру) (Btv)
минут
38 000
39 900
41 895
15.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (ойын-сауық, музыкалық, әзіл-сықақ бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv)
минут
58 000
60 900
63 945
16.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (танымдық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv)
минут
67 600
70 980
74 529
17.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv)
минут
48 700
51 135
53 691
18.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (ток-шоу өндіру және орналастыру) (Btv)
минут
37 910
39 805
41 795
19.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (реалити-шоу өндіру және орналастыру) (Btv)
минут
102 000
107 100
112 455
20.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (деректі фильмдерді өндіру және орналастыру) (Btv)
минут
56 630
59 461
62 434
21.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (анимациялық фильмдерді өндіру және орналастыру) (Btv)
минут
220 000
231 000
242 550
22.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді өндіру және орналастыру) (Btv)
секунд
1 200
1 260
1 323
23.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (бір маусымды сериалдық өнімді өндіру және орналастыру) (Btv)
минут
1 188000
1 247 400
1 309 770
24.
Жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеу (Btv)
минут
5 071
5 324
5 590
25.
Жамбыл облысы аумағында таратылатын радиоарналарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Br)
минут
23 795
24 985
26 234
26.
Жамбыл облысы аумағында таратылатын радиоарналарда көрсетілетін қызмет (аудиороликтерді өндіру және орналастыру) (Br)
секунд
690
724
760

Қолданыстағы