Құжат мәтініне өту

Об установлении охранной зоны и режима природопользования государственного природного резервата «Иле-Балхаш»

Қаулы · № 42 · қабылданған 13.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-207317/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении охранной зоны и режима природопользования государственного природного резервата «Иле-Балхаш» Қолданыста Қаулы ·№ 42 ·13.02.2025
13.02.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении охранной зоны и режима природопользования государственного природного резервата «Иле-Балхаш»

Қолданыста Қаулы ·№ 42 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении охранной зоны и режима природопользования государственного природного резервата «Иле-Балхаш»
Атауы (қаз.)
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
42
Қабылданған күні
13.02.2025
Көрсетілген редакция
13.02.2025 I207317_0.kaz
Соңғы өзгеріс
13.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25D0621205
ЭКБ идентификаторы
207317
Редакция идентификаторы
I207317_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:06

0 «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының күзет аймағы

мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 123-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 48, 53-баптарына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Балқаш ауданы аумағындағы «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының жер пайдаланушылары сонымен қатар, меншік иелерінің жер учаскелерін алып қоймай, ені екі километрден кем емес күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. «Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін, Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Алматы облысы әкімдігінің

2025 жылғы 13 ақпандағы
№ 42 қаулысына қосымша
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының күзет аумағында табиғатты пайдалану режимі

1 1. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының (бұдан әрі- резерват) күзет аумағында:

1 1) резерваттың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;

2 2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;

3 3) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 84-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;

4 4) аң аулауға;

5 5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;

6 6) резерваттың экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);

7 7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;

8 8) резерваттың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.

2 2. Резерваттың қорғау аймақтарының аумағында резерваттың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

1 1) орман шаруашылығы қызметі;

2 2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

3 3) туристік және рекреациялық қызмет;

4 4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

5 5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

6 6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

7 7) бүлінген жерді қалпына келтіру;

8 8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;

9 9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;

10

10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ резерваттың жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.

3

3. Резерваттың күзет аймағында осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып есептелетін учаскелердің, сондай-ақ резерваттың өзге де объектілердің дербестігі қамтамасыз етілуге тиіс.

4 4. Резерваттың қорғау аймағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеулер «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Алматы облысының жергілікті атқарушы органының шешімімен белгіленеді.

Қолданыстағы