О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Петропавловска Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Петропавловска Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 183
- Қабылданған күні
- 10.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 10.02.2025 207388_748293.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25SA786115
- ЭКБ идентификаторы
- 207388
- Редакция идентификаторы
- 207388_748293
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:10
0 Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Күші жойылды деп танылған Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 10 ақпандағы
№ 183 қаулысына
қосымша
Күші жойылды деп танылған Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60-жыл» мерекелiк медалiмен марапатталған соғыс ардагерлерi мен соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерiне бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету Ережелерiн бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 261 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-1-2 болып тіркелді);
2
2. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтердiң және байланыс қызметтердiң тұтыну ақысын төлеуге әлеуметтiк көмек көрсету Ережелерiн бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 15 шілдедегі № 840 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-1-06 болып тіркелді);