Об утверждении перечня заболеваний, препятствующих исполнению профессиональных обязанностей судьи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня заболеваний, препятствующих исполнению профессиональных обязанностей судьи
- Атауы (қаз.)
- Судьяның кәсiптік мiндеттерiн атқаруға кедергi келтіретін ауруларының тiзбесiн бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 25.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2025 207408_745518.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035752
- ЭКБ идентификаторы
- 207408
- Редакция идентификаторы
- 207408_745518
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:57
0 Судьяның кәсiптік мiндеттерiн атқаруға кедергi келтіретін ауруларының тiзбесiн бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қоса беріліп отырған Судьяның кәсiптік мiндеттерiн атқаруға кедергi келтіретін ауруларының тiзбесi бекітілсін.
2 2. Медициналық ұйымдар судья лауазымына үміткерлерге медициналық куәландыру жүргізу кезінде осы бұйрықты басшылыққа алсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4
4. Қазақстан Республикасы Жоғары Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының 2007 жылдағы 17 қаңтардағы № 15-п және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 17 қаңтардағы № 18 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4541 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы бірлескен бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»:
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«Келісілді»:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«Келісілді»:
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты
1 Судьяның кәсіптік міндеттерін атқаруға кедергi келтіретін ауруларының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 25 ақпандағы № 13 мен
Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігінің басшысы
2025 жылғы 25 ақпандағы
№ 1
Қазақстан Республикасы
Сот әкімшілігі басшысының
2024 жылғы _____ № ___ және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2024 жылғы _______ № ____
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Судьяның кәсіптік міндеттерін атқаруға кедергi келтіретін
ауруларының тізбесі
1 1. Айқын қимыл бұзылулары бар экстрапирамидалық құрылымдары айрықша зақымданған нерв жүйесі аурулары.
2 2. Пирамидалық және мишықтық жүйенің айрықша зақымданған нерв жүйесі аурулары.
3 3. Сирингомиелия және сирингобульбия.
4 4. Бүйірлік амиотрофикалық склероз.
5 5. Когнитивтік функциялары (Альцгеймер, Пик аурулары және басқалар) айрықша бұзылған дегенеративтік аурулар.
6 6. Эпилепсия және әртүрлі этилогияның эпилепсиялық синдромдары.
7 7. Жайылмалы склероз.
8 8. Диффузиялы склероз (Шильдер лейкоэнцефалиті мен басқалар).
9 9. Функциясы тұрақты бұзылған нерв-бұлшық ет аурулары.
10 10. Инсульт, тұрақты қимыл және сезімталдық бұзылуы мен жоғары психикалық функциялары бұзылуының салдары.
11 11. Функциясы тұрақты бұзылған мынадай эндокриндік жүйе аурулары:
туа біткен йод жетіспеушілігі синдромы;
диффузиялы зобы бар туа біткен гипотериоз;
туа біткен зобсыз гипотериаз;
ІІІ-ІV дәрежедегі эндокриндік офтальмопатиясымен ауыр түрдегі жайылмалы зобы бар тиреотоксикоз;
1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті, ауыр түрі, тұрақты түрде болмайтын;
ауырлығы орта және ауыр нысандағы акромегалия, белсенді сатысы және гипофизарлы ірілік;
ауырлығы орташа және ауыр нысандағы Иценко-Кушинг ауруы, Нельсон синдромы;
альвеолярлы гиповентиляциядан болатын, семірудің ең соңғы дәрежесі;
толық гипопитуитаризм, ауыр нысаны, тұрақты түрде болмайтын;
гипофизді нанизм;
функциясы тұрақты бұзылған эндокриндік органдардың ісіктері.
12 12. Орталық нерв жүйесінің функциялары айқын бұзылған қатерсіз ісіктері.
13 13. Гемобластоздар:
көкбауырдың эритермиядан кейінгі миелоидты метаплазасы бар эритермия;
акселерация мен бласты криз сатысындағы созылмалы миелолейкоз;
тұрақты анемиядан болатын созылмалы лимфолейкоз;
лимфогрануломатоз (іс жүзінде сауыққандарды қоспағанда);
жіті лейкоз (іс жүзінде сауыққандарды қоспағанда);
көптеген миелома (2-3 дәрежесі);
гемофилия;
Вилли-Бранд ауруы;
идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (тиімсіз спленэктомия кезінде);
Рандю-Ослер ауруы (геморрагиялық синдром кезінде);
тұқым қуалайтын тромбоцитопатиялар (геморрагия болған жағдайда).
14 14. Геморрагиялық диатездер.
15 15. ІІІ дәрежелі қан айналым қызметінің жеткіліксіздігі (ҚЖ) бар жүрек және жүрекқаптың созылмалы аурулары.
16 16. Жүректің ишемиялық ауруы: стенокардияның жиі ұстамалары (функциялық класс (ФК) ІІІ-ІV).
17 17. ІІІ сатыдағы гипертониялық ауру.
18 18. Ырғақтың бұзылуымен қатар жүретін жүрек аурулары:
ЖҚЖ 1 минутта кемінде 50 немесе естен тану жағдайларымен қатар жүретін синустық түйін, А-В блокадалар функциясының бұзылуы;
ұстамалы қарынша тахикардиясы, қарынша экстрасистолия (Лаун бойынша ІІІ-ІV);
ЭКГ-да QT интервалын 440 миллисекундтан аса ұзарту.