Қолданыстағы ред. 13.07.2004 (Редакция 20741_322124.kaz)

Жылыой ауданындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия мәселелері туралы от 13.07.2004 г. № 163 (Жылыой ауданындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия мәселелері туралы)

0

Жылыой ауданындағы қылмыспен
және сыбайлас жемқорлықпен күрес
жөніндегі комиссия мәселелері туралы
Жылыой аудандық әкімиятының 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 75 «Жылыой ауданындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия туралы» қаулысымен құрылған комиссиясының жекелеген мүшелерінің қызмет түрінің өзгеруіне байланысты және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жылыой ауданындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

2

2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

3

3. Қосымшаға сәйкес Комиссия құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсынылсын.

4

4. Комиссияның жұмысшы органы болып аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру жұмысы бөлімі анықталсын.

5

5. Жылыой аудандық әкімиятының 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 75 «Жылыой ауданындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

6

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Ермекұлына жүктелсін.
Келісілді
Жылыой аудандық
прокуроры Х.Қасымов
«14» шілде 2004ж.
Жылыой аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы Б. Рахметов
«14» шілде 2004ж.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Жылыой аудандық бөлімінің
бастығы Р.Сүлейменов
«14» шілде 2004ж.
Оңтүстік аймағы бойынша
қаржы полиция басқармасының
бастығы А.Хабдешев
«14» шілде 2004ж.