Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов и (или) участков местного значения города Шымкент

Қаулы · № 699 · қабылданған 24.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-207431/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов и (или) участков местного значения города Шымкент Қолданыста Қаулы ·№ 699 ·24.02.2025
24.02.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов и (или) участков местного значения города Шымкент

Қолданыста Қаулы ·№ 699 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов и (или) участков местного значения города Шымкент
Атауы (қаз.)
Шымкент қаласының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
699
Қабылданған күні
24.02.2025
Көрсетілген редакция
24.02.2025 207431_745629.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25E0023117
ЭКБ идентификаторы
207431
Редакция идентификаторы
207431_745629
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:59

0 Шымкент қаласының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекіту туралы

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шымкент қаласының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. «Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 293 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 105 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Шымкент қаласының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесi

Шымкент қаласы
әкімдігінің
2025 жылғы 24
ақпандағы
№ 699
қаулысына қосымша
Шымкент қаласының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесi

Су айдындарының атауы
алаңы, га
кординаттары
балық шаруашылығының түрі
орналасқан жері
1.
Тоғыс су қоймасы
469,2537 га
69° 40' 5.76" E
42°13' 15.97" N
Тауарлық балық өсіру шаруашылығы
Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Айнатас тұрғын алабы
2.
Бадам су қоймасы
32,0703 га
69° 49' 21.957" E
42°13' 10, 82" N
Тауарлық балық өсіру шаруашылығы
Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Маятас тұрғын алабы
3.
Текесу су қоймасы
18,85 га
69° 38' 47. 271" E
42° 09' 34. 739" N
Тауарлық балық өсіру шаруашылығы
Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Текесу тұрғын алабы
4.
Ақжар су қоймасы
27,0 га
69° 30' 29. 608" E
42° 13' 03. 324" N
Тауарлық балық өсіру шаруашылығы
Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Ақтас тұрғын алабы

Қолданыстағы