Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қаулы · № 119 · қабылданған 25.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-207451/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельный участок Қолданыста Қаулы ·№ 119 ·25.02.2025
25.02.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қолданыста Қаулы ·№ 119 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Атауы (қаз.)
Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
119
Қабылданған күні
25.02.2025
Көрсетілген редакция
25.02.2025 207451_747893.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25NN00119A
ЭКБ идентификаторы
207451
Редакция идентификаторы
207451_747893
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:57

0 Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18 - бабына, 69 - бабының 4 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қостанай ауданы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ӘЖ 10 кВ сыртқы электрмен жабдықтау желілерін салу және пайдалану үшін, Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы ауданы 0,0388 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. Қостанай ауданы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберілуін.

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы