Құжат мәтініне өту

Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда города Текели

Қаулы · № 37 · қабылданған 24.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-207475/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда города Текели Қолданыста Қаулы ·№ 37 ·24.02.2025
24.02.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда города Текели

Қолданыста Қаулы ·№ 37 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда города Текели
Атауы (қаз.)
Текелі қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
37
Қабылданған күні
24.02.2025
Көрсетілген редакция
24.02.2025 I207475_1.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25IB00037A
ЭКБ идентификаторы
207475
Редакция идентификаторы
I207475_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:58

0 Текелі қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Текелі қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Текелі қаласының әкімдігінің

2025 жылғы «24» ақпандағы
№ 37 қаулысына қосымша
Текелі қаласының Қора №29 «Б» көшесінде орналасқан тұрғын үйдің айына бір шаршы метріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:
А – кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге);
Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл.
Тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.
Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу» ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
А= Ц/Т/12
Ц=780 600 465,95 теңге / 3142,0 ш.м. (техникалық паспорт деректеріне сәйкес үйдің жалпы ауданы) = 248 440,63 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың құны;
Т=100 жыл;
А=248 440,63:100:12=207,03 теңге айына бір шаршы метр үшін.

Қолданыстағы