Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования, ведения и использования реестра инвесторов

Бұйрық · № 11-1-4/104 · қабылданған 26.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-207481/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования, ведения и использования реестра инвесторов Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/104 ·26.02.2025
07.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования, ведения и использования реестра инвесторов

Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/104 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования, ведения и использования реестра инвесторов
Атауы (қаз.)
Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-1-4/104
Қабылданған күні
26.02.2025
Көрсетілген редакция
07.08.2025 207481_771365.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035754
ЭКБ идентификаторы
207481
Редакция идентификаторы
207481_771365
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:56

0 Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-3-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

1 Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сыртқы істер Министрі
2025 жылғы 26 ақпандағы
№ 11-1-4/104 Бұйрықпен
бекітілген
Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану қағидалары

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-3-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

1

1) инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы – құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген мөлшерінен асатын экономиканың барлық салаларында іске асырылатын және пысықталатын инвестициялық жобалардың тізбесі, сондай-ақ бастамашылары жеке кәсіпкерлік субъектілері (отандық және шетелдік инвесторлар) болып табылатын инвестициялық келісімшарттар негізінде іске асырылатын инвестициялық жобалар;

2

3 3) инвесторлар тізілімі – инвесторлар, инвестициялардың сомалары, инвестициялық жобалардың түрлері, оларды іске асыру кезеңдері туралы мәліметтерді және Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қызмет туралы басқа да мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;

3-1

3-1) инвестициялық жобалардың жалпыөңірлік пулы – өңірлік инвестициялық штаб шешімімен бекітілген критерийлерге сәйкес болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген мөлшеріне дейінгі, бастамашылары жеке кәсіпкерлік субъектілері (отандық және шетелдік инвесторлар) болып табылатын, экономиканың барлық салаларында іске асырылатын және пысықталатын инвестициялық жобалардың тізбесі;

4 4) ұлттық цифрлық инвестициялық платформа (бұдан әрі – ҰЦИП) –инвестициялық жобаларды кешенді қолдап отырудың бірыңғай ақпараттық жүйе, оны құруды, басқаруды және техникалық қолдауды инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

2 2 тарау. Инвесторлар тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

3 3. Инвесторлар тізілімін қалыптастыру және жүргізу ҰЦИП шеңберінде автоматты режимде инвестициялық жобалардың жалпыұлттық және жалпыөңірлік пулдарына енгізілген инвестициялық жобалар туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Мәліметтерді инвесторлар тізіліміне енгізу автоматты режимде инвестициялық жобаның паспорты ҰЦИП-те қалыптастырылғаннан кейін жүзеге асырылады.

5

5. Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық және жалпыөңірлік пулдарын қалыптастыру 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығымен бекітілген Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32910 болып тіркелген).

3 3 тарау. Инвесторлар тізілімін пайдалану тәртібі

6

6. Жеке немесе заңды тұлға «Іздеу» жолына жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірін немесе заңды тұлға үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірін енгізу және осы тұлғаның инвесторлар тізіліміне енгізілуі немесе болмауы туралы мәліметтерді алу жолымен инвесторлар тізілімінде жеке және заңды тұлғаның бар-жоғын тексеру үшін ҰЦИП-дағы «Инвесторлар тізілімі» бөлімін пайдаланады.

Қолданыстағы