Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1/212
- Қабылданған күні
- 26.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2025 207510_745718.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25R0180102
- ЭКБ идентификаторы
- 207510
- Редакция идентификаторы
- 207510_745718
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:56
0 Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңының 8 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2
2. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» 2022 жылғы 16 ақпандағы № 1/39 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26829 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі
Алматы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 26 ақпандағы
№ 1/212
қаулысына қосымша
Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі
1
1. Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 610-НҚ «Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді және Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
2
2. Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдарының көрсетілетін қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.
Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағаны жергілікті атқарушы орган дербес айқындайды.
3 3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
1 1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттерде көрсетілетін қызметтің құны;
Bn – газетте орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V – газетте орналастырылатын, см2 есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;
2 2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдарда көрсетілетін қызметтің құны;
Bm – журналда орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;
V – журналда орналастырылатын, см2 есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.
4 4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден астам – 1,4.
5 5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, телевизияда көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – телевизияда көрсетілетін, секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.
Егер Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизияда көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевизиялық көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.
6 6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.
1 Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағалары
Алматы қаласының аумағында мемлекеттік
ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік
тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын
қызметтердің құнын айқындау
Әдістемесіне қосымша
Алматы қаласының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағалары
№
Қызметтердің атауы
Өлшем бірлігі
2025 жыл, теңге
2026 жыл, теңге
2027 және кейінгі жылдарға, теңге
1
2
3
4
5
6
1.
Алматы қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) қызмет (Bn)
шаршы сантиметр
458
496
538
2.
Алматы қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (журнал) көрсетілетін (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) қызмет (Bm)
шаршы сантиметр
321
348
377
3.
Интернет-ресурста көрсетілетін (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) қызмет (Bi)
символ
90
97
105
4.
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле- , радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (жаңалық сюжеттерін шығару және орналастыру) қызмет (Btv)
минут
557 566
604 959
656 380
5.
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (ток-шоуларды шығару және орналастыру) қызмет (Btv)
минут
52 952
57 452
62 336
6.
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (ойын-сауық шоуларын (музыкалық, әзіл-сықақ бағдарламалары) шығару және орналастыру)) қызмет (Btv)
минут
97 316
105 587
114 562
7.
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (реалити-шоулар шығару және орналастыру) қызмет (Btv)
минут
83 005
90 060
97 715
8.
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (телевизиялық бағдарламалар шығару және орналастыру) қызмет (Btv)
минут
69 624
75 542
81 963
9.
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (деректі фильм шығару және орналастыру) қызмет (Btv)
минут
214 669
232 915
252 712
10.
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (бейнеролик шығару және орналастыру) қызмет (Btv)
секунд
25 188
27 328
29 650
11.
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (телехикая шығару және орналастыру) қызмет (Btv)
серия
9 159 200
9 937 732
10 782 439
12.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (жаңалық сюжеттерін шығару және орналастыру) қызмет (Btv)
минут
153 645
166 704
180 873
13.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (ток-шоуларды шығару және орналастыру) қызмет (Btv)
минут
81 631
88 569
96 097
14.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (ойын-сауық шоуларын (музыкалық, әзіл-сықақ бағдарламалары) шығару және орналастыру)) қызмет (Btv)
минут
97 116
105 370
114 326
15.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (реалити-шоулар шығару және орналастыру) қызмет (Btv)
минут
92 000
99 820
108 304
16.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (телевизиялық бағдарламалар шығару және орналастыру) қызмет (Btv)
минут
48 315
52 421
56 876
17.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (деректі фильм шығару және орналастыру) қызмет (Btv)
минут
125 137
135 773
147 313
18.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (бейнеролик шығару және орналастыру) қызмет (Btv)
секунд
32 630
35 403
38 412
19.
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (телехикая шығару және орналастыру) қызмет (Btv)
серия
5 801 780
6 294 931
6 830 000
20.
Радиоарнадағы (ақпараттық бағдарламаларды шығару және орналастыру) қызмет (Br)
минут
22 900
24 846
26 958
21.
Радиоарнадағы (аудиороликті шығару және орналастыру) қызмет (Br)
секунд
663
719
780