О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 42
- Қабылданған күні
- 27.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2025 207566_746303.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25G0526208
- ЭКБ идентификаторы
- 207566
- Редакция идентификаторы
- 207566_746303
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:54
0 Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Жамбыл облысы әкімдігінің
2025 жылғы 27 ақпандағы № 42
қаулысына қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы қыркүйектегі «Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қаражатын құрау және пайдалану ережесін бекіту туралы» №1003 қаулысын жүзеге асыру туралы» Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 27 тамызда №226 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1448 болып тіркелген).
2
2) «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 желтоқсандағы № 329 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1770 болып тіркелген).
3
3) «Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 27 шілдедегі № 230 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1792 болып тіркелген).
4
4) «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі №75 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2659 болып тіркелген).
5
5) «Өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгiлеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы №220 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2787 болып тіркелген).
6
6) «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі №223 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2762 болып тіркелген).
7
7) «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №308 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2864 болып тіркелген).
8
8) «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы №274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі №241 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3146 болып тіркелген).
9
9) «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 274 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 332 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3229 болып тіркелген).
10
10) «Субсидияланатын отандық тыңайтқыштардың түрлерін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 97 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 333 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3231 болып тіркелген).
11
11) «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 274 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 02 маусым № 113 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3453 болып тіркелген).
12
12) «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы №274 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы №12 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3709 болып тіркелген).
13
13) «Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26784 болып тіркелген).