Құжат мәтініне өту

Об утверждении дополнений в Правила проведения валютных операций в Республике Казахстан

Қаулы · № 189 · қабылданған 28.09.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2076/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении дополнений в Правила проведения валютных операций в Республике Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 189 ·28.09.1998
01.11.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении дополнений в Правила проведения валютных операций в Республике Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 189 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении дополнений в Правила проведения валютных операций в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне толықтыруларды бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
189
Қабылданған күні
28.09.1998
Көрсетілген редакция
01.11.2010 AI2076_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.11.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V980000654_
ЭКБ идентификаторы
2076
Редакция идентификаторы
AI2076_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:31

0 Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне толықтыруларды бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының валюта заңдарын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне ұсынылып отырған толықтырулар бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.

2 2. Заң департаменті (Сизова С.И.):

1 1) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін;

2 2) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

3 Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне толықтырулар

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З. Нәлібаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1998 жылғы 29 қыркүйектегі
N 189 қаулысымен бекітілген
Тіркеу N____
Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне толықтырулар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне мынадай толықтырулар енгізілсін.

1 1. 3.09-тармақ мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:

"Жарғылық қызметі қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға бағытталған заңды тұлғалардың пайдасына сыйлық, қайырмалдық, қайырымдылық жарналары және басқа түсім ретінде қолма-қол ақшамен де аударым арқылы да түскен шетел валютасы олардың уәкілетті банктеріндегі шотына міндетті түрде есептелуі тиіс."
Үшінші азатжолдағы "пайдасына" деген сөзден кейін "басқа" деген сөзбен толықтырылсын.

2 2. 4.03-тармақтың үшінші азатжолындағы "байланысты" деген сөзден кейін және 5.05-тармақтағы "қызмет үшін" деген сөздерден кейін", сондай-ақ қайырымдылық көмек көрсету үшін" деген сөздермен толықтырылсын.

3 3. 4.03-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші азатжолмен толықтырылсын:

"Осы тармақтың үшінші және төртінші азатжолында көрсетілген нормалар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық қызметтерге, өкілдік мекемелерге, халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне және оларға теңестірілген басқа да ұйымдарға қолданылмайды".

Қолданыстағы