Об определении Порядка установления и условий выплаты стимулирующей надбавки к должностному окладу работников организаций Мирного сельского округа Жамбылского района Северо-Казахстанской области финансируемых из местного бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении Порядка установления и условий выплаты стимулирующей надбавки к должностному окладу работников организаций Мирного сельского округа Жамбылского района Северо-Казахстанской области финансируемых из местного бюджета
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандырушы үстемеақы төлеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 27
- Қабылданған күні
- 26.12.2024
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2025
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2025 207680_750483.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24SGJ0027B
- ЭКБ идентификаторы
- 207680
- Редакция идентификаторы
- 207680_750483
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:02
0 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандырушы үстемеақы төлеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын лауазымдық жалақысына ынталандырушы үстемеақы төлеу тәртібі мен шарттары белгіленсін :
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бас маман-бухгалтерге жүктелсін.
3 3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі ұйымының жұмыскерлерінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын лауазымдық айлықтарына ынталандыру үстемеақылар белгілеу тәртібі мен төлеу шарттары
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Мирный ауылдық округі әкімінің
2024 жылғы желтоқсандағы «26»
№ 27 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі ұйымының жұмыскерлерінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын лауазымдық айлықтарына ынталандыру үстемеақылар белгілеу тәртібі мен төлеу шарттары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі ұйымының(бұдан әрі-ұйым) жұмыскерлерінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын лауазымдық айлық ақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеу тәртібі мен төлеу шарттары (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылар) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасы негізінде әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымының жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеу тәртібі мен төлеу шарттарын айқындайды
2 2 тарау. Ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі
2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі ұйымының жұмыскерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеу тәртібі мен төлеу шарттарын талқылағаннан кейін 2015 жылғы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің бюджет қаражатының қосымша қажеттілігін қалыптастырады және оны «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарау үшін ұсынады.
3
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі ұйымының жұмыскерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандыру үстемеақылар төлеуге аудандық бюджет комиссиясының қарауына қосымша қажеттілік шығарады.
4 4. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі ұйымы жұмыскерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандырушы үстемеақы төлеуге бюджет қаражаты бөлінген кезде ауылдық округ әкімі ынталандырушы үстемеақы төлеу туралы шешім қабылдайды.
3 3-тарау. Ынталандыру үстемеақы төлеу шарттары
5 5. Ынталандыру үстемеақылар қызметкерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
6 6. Ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген материалдық көмектің және ынталандыру төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
7
7. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың төленген түрлерін тоқтату үшін негіз болып табылмайды (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемеақылар, үстеме жұмыс және басқалар).
8
8. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысыөзгерген жағдайда ынталандыру үстемеақылар қайта қаралады.