Об установлении границ (черты) населенных пунктов Павлодарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении границ (черты) населенных пунктов Павлодарского района
- Атауы (қаз.)
- Павлодар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 69/3
- Қабылданған күні
- 04.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2025 207709_746916.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25PK764214
- ЭКБ идентификаторы
- 207709
- Редакция идентификаторы
- 207709_746916
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:48
0 Павлодар ауданы елді мекендерінің
шекараларын (шегін) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5 - тармақтарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округі елді мекендерінің шекаралары (шектері) жалпы алаңы 2767 гектар:
осы бірлескен қаулының және шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Новочерноярка ауылының алаңы 1138 гектар, Сычевка ауылының алаңы 528 гектар, Черноярка ауылының алаңы 1101 гектар шекаралары (шектері) белгіленсін.
2 2. Павлодар ауданының Ефремовка ауылдық округі елді мекендерінің шекаралары (шектері) жалпы алаңы 5577 гектар:
осы бірлескен қаулы мен шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ефремовка ауылының алаңы 4114 гектар, Даниловка ауылының алаңы 1463 гектар шекаралары (шектері) белгіленсін.
3 3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.О. Оразбековке және аудандық мәслихаттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен қаулы және шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Павлодар ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 4 наурыздағы
№ 69/3 мен Павлодар аудандық
мәслихатының 2025 жылғы
4 наурыздағы № 28/244
бірлескен қаулысы мен шешіміне
1-қосымша
6 Павлодар облысы Павлодар ауданы Ефремовка ауылдық округінің Ефремовка ауылы, Даниловка ауылының жаңа шекараларының схемалық картасы
Павлодар ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 4 наурыздағы
№ 69/3 мен Павлодар аудандық
мәслихатының 2025 жылғы
4 наурыздағы № 28/244
бірлескен қаулысы мен шешіміне
2-қосымша
Павлодар облысы Павлодар ауданы Ефремовка ауылдық округінің Ефремовка ауылы, Даниловка ауылының жаңа шекараларының схемалық картасы